2012 жылғы қаңтардан 2012 жылғы наурызға дейінгі кезеңде Айыртау ауданының шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2011 жылғы 16 қарашадағы N 27 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 қарашада N 13-3-145 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2012 жылғы 3 тамыздағы N 22 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2012.08.03 N 22 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 23-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер және әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2012 жылғы қаңтардан 2012 жылғы наурызға дейінгі кезеңде Айыртау ауданының шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2010 жылғы 08 желтоқсандағы № 35 «2011 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың наурызына дейінгі кезеңде Айыртау ауданының шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарды тіркеу туралы» шешімінің күші жойылғандығы танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде 2010 жылғы 23 желтоқсанда № 13-3-125 тіркелген, 2011 жылғы 01 қаңтардағы № 1 «Айыртау таңы», 2011 жылғы 01 қаңтардағы № 1 «Айыртауские зори» газеттерінде жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р.Тілеубаеваға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

            Аудан әкімінің м.а. Б.Рақымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады