2010 жылғы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі N 19-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 қыркүйекте N 13-5-117 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 22-8 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2010.12.20 N 22-8 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік камсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну және ережесінің 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының елді мекендеріне 2010 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына, тұрғын үй сатып алу үшін, маман өтінішінде көрсетілген, өтініш берген сәтінде, бірақ алты жүз отыз еселік айлық есеп көрсеткішінен аспайтын бюджеттік кредит түрінде ұсынылсын.
      2. Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылы өтініш беру кезіне жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
      3. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, осы шешімінің жүзеге асырылуына шаралар қолдансын.
      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихат
      ХIX сессиясының төрағасы                   хатшысы
      А. Кобзев                                  Б. Ысқақова

      «Ғабит Мүсiрепов атындағы
      ауданның ауыл шаруашылығы
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        С. Дүйсенов

      «Ғабит Мүсiрепов атындағы
      ауданның экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М. Баймолдина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады