2010 жылы Есіл ауданы бойынша субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы N 200 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 мамырда N 13-6-147 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы N 99 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2011.05.03 N 99 Қаулысымен

      «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 Заңының 5-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына, «Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпанындағы № 123 қаулысымен бекітілген Ережесінің 7-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2010 жылы Есіл ауданы бойынша субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдері анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Шұнғұлшинға жүктелсін.
      3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       А. Бегманов

Есіл ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 4 мамырдағы
№ 200 қаулысына қосымша

2010 жылы Есіл ауданы бойынша субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдері

Жер өңдеу аумағы

Дақыл

Ауыл шаруашылық мерзімдері дақылдарын егуді жүргізудің оңтайлы

2010 жылға дәнді алғы дақыл үстінен бидайдың орташа ерте сұрыптары

II - дала, жазықтық, тікене - далалық

Жасыл конвейер (бір жылдық өсімдіктер) - 1 мерзім

8 мамырдан 10 мамырға дейін


Сәбіз

10 мамырдан 20 мамырға дейін


Пияз

10 мамырдан 20 мамырға дейін


Рапс

15 мамырдан 20 мамырға дейін


Күздік бидай

15 мамырдан 30 мамырға дейін

5 маусымға дейін

Майлы тұқымға күнбағыс

15 мамырдан 18 мамырға дейін


Сүрлемге жүгері

16 мамырдан 20 мамырға дейін


Зығыр, қыша

17 мамырдан 20 мамырға дейін


Картоп

18 мамырдан 23 мамырға дейін


Қияр

20 мамырдан 5 маусымға дейін


Жасыл конвейер (бір жылдық өсімдіктер) - 2 мерзім

23 мамырдан 25 мамырға дейін


Сүрлемге күнбағыс

25 мамырдан 30 мамырға дейін


Асбұршақ

25 мамырдан 30 мамырға дейін


Қарақұмық

25 мамырдан 30 мамырға дейін


Арпа – орташа кеш сорттары

25 мамырдан 30 мамырға дейін


Сұлы - орташа кеш сорттары

25 мамырдан 30 мамырға дейін


Қызылша

25 мамырдан 5 маусымға дейін


Қырыққабат көшеттері

25 мамырдан 10 маусымға дейін


Сұлы - орташа пісіп-жетілетін сорттар

27 мамырдан 30 мамырға дейін


Қызанақ көшеттері

28 мамырдан 10 маусымға дейін


Арпа – орташа пісіп-жетілетін сорттар

30 мамырдан 5 маусымға дейін


Шөпке біржылдық өсімдіктер

5 маусымнан 10 маусымға дейін


Жасыл конвейер - 3 мерзім

8 маусымнан 10 маусымға дейін


Жасыл конвейер - 4 мерзім

8 маусымнан 10 маусымға дейін


Қысқы қара бидай

25 тамыздан 5 қыркүйекке дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады