2010 жылғы 31 наурыздағы N 23/11 "2010 жылына арналған Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы" аудандық мәслихаттың шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 9 маусымдағы N 25/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 шілдеде N 13-8-129 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 33/7 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011.03.28 N 33/7 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес, аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылғы 31 наурыздағы № 23/11 «2010 жылына арналған Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне толықтырулар енгізілсін, (2010 жылғы 20 сәуірдегі № 13-8-122 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде тіркелген, 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 17 «Қызылжар», 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 18 «Маяк» газеттерінде жарияланған), келесі толықтырулар:
      1 тармақ келесі мазмұндағы 3) тармақшасымен толықтыру:
      «3) өтініш және оқу мекемесімен жасалған шарты негізінде, күндізгі оқуда оқып жатқан аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы студенттерге, жетім-студенттерге, оқу құны мөлшерінде, жылына бір рет оқуға төлеу.»
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен және ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткенде күшіне енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрайымы                       хатшысы
      Н. Құрманкина                              А. Молдахметова

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қызылжар ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Н. Сұлтанғазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады