Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 33/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 сәуірде N 13-8-144 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі N 7/5 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2012.07.30 N 7/5 Шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес, Қызылжар аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қызылжар ауданның жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек берілсін:
      1) Ай сайын 400 теңге көлемінде монша мен шаштараз қызметтеріне баруға Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) Қызылжар ауданының аумағында тұрақты тұратын Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы қатысушыларына жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге тапсырылған есеп-фактура бағасының мөлшерінде (асыл металдар және металлопластика, металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) жылында бір рет;
      3) Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын, мемлекеттік жалпы білім беру гранттары мен кредиттерінің иегері бола алмаған, Қызылжар ауданының аумағында тұрақты тұратын, жиырма үшке жастары толмаған жетім-студенттерге, оқыту ақысын төлеуге, әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерге монша мен шаштараз қызметтеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек тапсырылған арызы айынан жарияланады және арыз берушінің қайтыс болғанына әлде оның ауданнан шығып кетуіне байланысымен тоқталады. Осы белгіленген жағдайлар болған айдың, келесі айынан бастап төлемдер тоқтатылады;
      2) тістерді протездеуге әлеуметтік көмек, тістерді протездеуге лицензиясы бар медициналық ұйыммен жүзеге асырылады, Ұлы Отан соғысы қатысушыларына жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге бағасының мөлшерінде (асыл металдар және металлопластика, металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырылған қаржылар мөлшерінде;
      3) жетім–студенттердің оқытуына ақы төлеуіне, әлеуметтік көмек аудан бюджетінен қарастырылған қаражат шегінде, іске асырылуы анықталсын;
      4) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер ақшалай қаражаттарды алушының дербес шотына екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің банкілік операцияларға сәйкес түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы ауыстырумен жүзеге асырылады;
      5) әлеуметтік көмекті қаржыландыру, қаржылық жылы осы мақсаттарға қарастырылған 451.007.029 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек» шығыстардың функционалдық сыныптастыру коды бойынша, жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.
      3. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан пайда болған, құқықтық қатынасқа таратылады.
      4. Аудандық мәслихаттың сессиялар шешімдерінің күші жойылған болып есептелсін:
      1) Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 23/11 «2010 жылына арналған Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы» (2010 жылғы 20 сәуірдегі № 13-8-122 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде тіркелген, 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 18 «Қызылжар» газетінде, 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 17 «Маяк» газетінде жарияланған);
      2) аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 09 маусымдағы № 25/16 «2010 жылына арналған Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (2010 жылғы 14 шілдедегі № 13-8-129 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде тіркелген, 2010 жылғы 22 шілдедегі № 31 «Қызылжар» газетінде, 2010 жылғы 23 шілдедегі № 30 «Маяк» газетінде жарияланған).
      5. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен және алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      В. Осуфьев                                 А. Молдахметова

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Қызылжар ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Н. Сұлтанғазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады