2010 жылына арналған Қызылжар ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 23/11 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 сәуірде N 13-8-122 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 наурыздағы N 33/7 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2011.03.28 N 33/7 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес, аудандық маслихат ШЕШТІ:
      1. 2010 жылы Қызылжар ауданның жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек берілсін:
      1) Қызылжар ауданының аумағында тұрақты тұратын Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы қатысушыларына жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге тапсырылған есеп-фактура бағасының мөлшерінде (асыл металдар және металлопластика, металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) жылында бір рет;
      2) Ай сайын 400 теңге көлемінде монша мен шаштараз қызметтеріне баруға Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2010.06.09 N 25/6 Шешімімен
      3) өтініш және оқу мекемесімен жасалған шарты негізінде, күндізгі оқуда оқып жатқан аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы студенттерге, жетім-студенттерге, оқу құны мөлшерінде, жылына бір рет оқуға төлеу.
      Ескерту. 1-тармақ 3) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2010.06.09 N 25/6 Шешімімен
      2. Белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерге монша мен шаштараз қызметтеріне айсайнғы әлеуметтік көмек тапсырылған арызы айынан жарияланады және арыз берушінің қайтыс болғанына әлде оның ауданнан шығып кетуіне байланысымен тоқтатылады. Осы белгіленген жағдайлар болған айдың, келесі айынан бастап төлемдер тоқтатылады;
      2) тістерді протездеуге әлеуметтік көмек, тістерді протездеуге лицензиясы бар медициналық ұйыммен жүзеге асырылады, Ұлы Отан соғысы қатысушыларына жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге бағасының мөлшерінде (асыл металдар және металлопластика, металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) аудан бюджетімен қарастырылған қаржылар мөлшерінде;
      3) жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер ақшалай қаражаттарды алушының дербес шотына екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің банкілік операцияларға сәйкес түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы ауыстырумен жүзеге асырылады;
      4) әлеуметтік көмекті қаржыландыру, қаржылық жылы осы мақсаттарға қарастырылған 451.007.000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек» шығыстардың функционалдық сыныптастыру коды бойынша, жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.
      3. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан пайда болған, құқықтық қатынасқа таратылады.
      4. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

      Сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               А. Молдахметова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қызылжар ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Н. Сұлтанғазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады