Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2012.07.30 N 7/5 Шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-V Бюджеттік кодексінің 56-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 01 наурыздағы № 22/3 «Қызылжар ауданының санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізілсін, (2010 жылғы 31 наурыздағы № 13-8-120 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде тіркелген, 2010 жылғы 01 сәуірдегі № 14 «Қызылжар» газетінде, 2010 жылғы 02 сәуірдегі № 15 «Маяк» газетінде жарияланған), 1 тармақта келесі толықтырулар енгізілсін:
төртінші абзацта «Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне» сөздерден кейін «барлық топтағы мүгедектерге» сөздермен толықтырылсын.
2.Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен және ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткенде күшіне енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрайымы хатшысы
Н. Құрманкина А. Молдахметова
КЕЛIСIЛГЕН:
Қызылжар ауданының әкімі Қ. Пшенбаев
«Қызылжар ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтiк бағдарламалар
бөлiмi» мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы Н. Сұлтанғазин
«Қызылжар аудандық
экономика және бюджеттiк
жоспарлау бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы А. Фролова
«Қызылжар аудандық
қаржы бөлiмi» мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы Л. Шайхлесова