Қызылжар ауданының санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 22/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 наурызда N 13-8-120 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі N 7/5 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2012.07.30 N 7/5 Шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-V Бюджеттік кодексінің 56-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қызылжар ауданы азаматтарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек:
      Ұлы Отан соғысына қатысушыларына;
      Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне;
      Ұлы Отан соғысы қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
      Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
      Соғысқа қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға;
      Көп балалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталғандар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сонымен қатар ІІІ дәрежелі «Аналық атақ» орденімен марапатталғандарға;
      «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес ақталған тұлғаларға көрсетілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2010.06.09 N 25/5; 2011.03.28 N 33-6 Шешімімен
      2. «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі - уәкілетті органы жоғарыдағы көрсетілген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.
      3. «Жергілікті үкімет органдарының шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» 451-007-000 бағдарламасы бойынша қарастырылған, Қызылжар ауданы бюджетінің қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге қаржыландыру шығынын жүргізсін.
      4. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан пайда болған құқықтық қатынасқа таратылады.
      5. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы                           А. Молдахметова

      КЕЛIСIЛГЕН:
      Қызылжар ауданының әкімі                   Қ. Пшенбаев
      «Қызылжар ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтiк бағдарламалар
      бөлiмi» мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы                        Н. Сұлтанғазин
      «Қызылжар аудандық
      экономика және бюджеттiк
      жоспарлау бөлiмi»
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы            А. Фролова
      «Қызылжар аудандық
      қаржы бөлiмi» мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы                        Л. Шайхлесова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады