2010 жылғы субсидияланатын приоритеттік ауыл шаруашылық дәнді-дақылдардың түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 12 мамырдағы N 223 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 мамырда N 13-11-178 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012 жылғы 22 маусымдағы N 02.10-07-02-542 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012.06.22 N 02.10-07-02-542 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 123 қаулысымен бекітілген облыстық бюджеттердіі және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Ережелерінің 7-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тайынша ауданы бойынша 2010 жылғы субсидияланатын приоритеттік ауылшаруашылық дәнді-дақылдардың келесі түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
      1) жаздық бидай (орташа пісетін, орташа кеш пісетін) – 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
      2) арпа (орташа кеш сұрып) – 25 мамырдан 30 мамырға дейін;
      3) арпа (орташа пісетін сұрып) – 30 мамырдан 5 маусымға дейін;
      4) сұлы (орташа кеш пісетін сұрып) – 25 мамырдан 30 мамырға дейін;
      5) сұлы (орташа пісетін сұрып) – 27 мамырдан 30 мамырға дейін;
      6) асбұршақ – 25 мамырдан 30 мамырға дейін;
      7) қарақұмық – 25 мамырдан 30 мамырға дейін;
      8) рапс – 10 мамырдан 20 мамырға дейін;
      9) зығыр, қыша – 17 мамырдан 20 мамырға дейін;
      10) май жасалатын күнбағыс тұқымы – 15 мамырдан 18 мамырға дейін;
      11) біржылғы шөптер – 1 маусымнан 5 маусымға дейін;
      12) картоп – 18 мамырдан 23 мамырға дейін;
      13) көкөніс – 25 мамырдан 10 маусымға дейін;
      14) сүрлемге арналған жүгері – 16 мамырдан 20 мамырға дейін.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.

      Тайынша ауданының әкімі                    А. Маковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады