2010 жылға арналған Уәлиханов ауданында субсидияланған басымды ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері бойынша көктемгі-егіс жұмыстарын өткізуде оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 126 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 маусымда N 13-13-125

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабының 2-тармағына, «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 25 ақпандағы № 123 қаулысымен бекiтiлген облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінің 7-тармағына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1 . 2010 жылға ауданда субсидияланған басымды ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша көктемгi егiс жұмыстарын (себудi) қысқа мерзiмде өткiзудiң уақыты осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Д.М. Бейсембинге жүктелсiн.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                                Е. Уәхитов

Аудан әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 11 мамырдағы
№ 126 қаулысына
Қосымша

Субсидияланған басымды ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша көктемгi егiс жұмыстарын (себудi) қысқа мерзiмдерi

Егiншiлiк аймақтар

Дақыл

Сорт

Қолайлы уақыт аралықтары

2010 жылғы алғы дақыл бойынша орташа ерте пісетін бидай сорттары

1

III-
далалық құрғақ, далалық аймақ

Жаздық бидай, орташа, орташа кеш

15.05-30.05

05.06. дейін

Арпа

орташа кеш

25.05-30.05


орташа пiсетiн

30.05-05.06


Сұлы

орташа кеш

25.05-30.05


орташа пiсетiн

30.05-05.06


Ас бұршақ

25.05-30.05


Қарақұмық

20.05-25.05


Рапс

10.05-20.05


Зығыр, қыша

19.05-22.05


Күнбағыс майлы тұқымға

15.05-20.05


Картоп

15.05-20.05


Жүгері сүрлемге

15.05-20.05


2

IV-
таулы үстірттер мен аласа үстірттер

Жаздық бидай, орташа, орташа кеш

15.05-27.05

01.06-03.06 дейін

Арпа

орташа кеш

25.05-30.05


орташа пiсетiн

30.05-05.06


Сұлы

орташа кеш

25.05-30.05


орташа пiсетiн

30.05-05.06


Ас бұршақ

25.05-30.05


Қарақұмық

20.05-25.05


Рапс

10.05-20.05


Зығыр, қыша

16.05-19.05


Күнбағыс майлы тұқымға

14.05-18.05


Картоп

15.05-20.05


Жүгері сүрлемге

14.05-18.05



Күздік бидай

25.08–05.09


Кара бидай

25.08–05.09


Сәбіз

10.05-20.05


Пияз

10.05-20.05


Қызылша

25.05-05.06


Қияр

20.05-05.06


Қырыққабат

25.05-10.06


Қызанақ

28.05-10.06


Бір жылдық шөп егудің оңтайлы мерзімдері

Егiншiлiк аймақ

Дақылдар

Қолайлы уақыт аралықтары

Күнбағыс сүрлемге

20-25 мамыр аралығы

Далалық аймақ

бiр жылдық шөп сабанға

1-5 маусым аралығы

Жасыл конвейер
(бiр жылдық шөптер)
1 мерзiмде
2 мерзiмде
3 мерзiмде
4 мерзiмде (рапс)

3-5 мамыр аралығы
18-20 мамыр аралығы
3-5 маусым аралығы
3-5 шiлде аралығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады