2010 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 шілдедегі N 27/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 тамызда N 13-14-105 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы N 02-04/195 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 09.10.2013 N 02-04/195 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген селолық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-бөліміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. 2010 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына:
      1) жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең мөлшер сомасында көтерме жәрдемақы;
      2) айлық есептік көрсеткіштің алты жүз отыз есе мөлшерінен аспайтын сомада бюджет несиесін – тұрғын-үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                       Аудандық мәслихаттың
      XХVІІ сессиясының төрағасы                 хатшысы
      В. Федоров                                 Н. Дятлов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Шал ақын ауданының
      ауылшаруашылығы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Х. Найманов
      2010 жылғы 26 шілде

      «Шал ақын ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ж. Бекетова
      2010 жылғы 26 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады