Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 26 маусымдағы № 154 "Атырау облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімиятының 2010 жылғы 8 шілдедегі № 161 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2010 жылғы 18 тамызда № 2570 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2012 жылғы 9 шілдедегі № 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2012.07.09 № 212 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облысы әкімиятының 2009 жылғы 26 маусымдағы № 154 "Атырау облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 4 тамызда № 2549 тіркелген, 2009 жылғы 11 тамызда "Атырау" газетінің № 95 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      12 тармақта:
      "15 000" деген цифрлар "20 000" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Аманғалиевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Облыс әкімі                           Б. Рысқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады