Атырау қаласы бойынша 2010 жылға салық ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 3 ақпандағы N 175 шешімі. Атырау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 наурызда N 4-1-110 тіркелді. Күші жойылды - Атырау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы N 231 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық мәслихатының 2010.12.08 N 231 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық жене бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 382, 422 баптарын, 530 бабының 2, 3 тармағын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып Атырау қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Осы шешімінің № 1, 2, 3, 4 қосымшыларына сәйкес Атырау қалалық салық ставкалары бекітілсін.
      2. Атырау қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 108 "Атырау қаласы бойынша салық ставкаларын бекіту туралы" шешімінің (Атырау қалалық әділет басқармасында 2009 жыл 28 ақпан № 4-1-99 санымен мемлекеттік тіркеуден өткен, "Атырау" газетіне 2009 жылы 12 наурыз № 29 санымен жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Атырау қалалық Мәслихатының экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Ерубаев) жүктелсін.  

      XV сессия төрағасы,
      Қалалық Мәслихат хатшысы                   Б. Қазиманов

Атырау қалалық Мәслихатының
2010 жылғы 3 ақпандағы 
№ 175 шешіміне 1 қосымша

Бір жолғы талон құнының тізбесі

Р/н№

Салық салу объектісі

1 күндік ставка 2010 ж.

1.

1. Ара тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құнының ұсынылған мөлшері (дүркін-дүркін сипаты):
1) газет-журналдар
2) балық және балық өнімдерін сату
2. Азық түлік өнімдерін сөреден сату:
1) көкөніс, жеміс–жидек
2) кондитер тағамдары, салаттар, құрғақ жеміс-жидектер
3) май-сүт өнімдері
4) ет және ет өнімдері


 
 
70
200
 
70
200
 
198
300

2.

Азық-түлік, өндірістік, тұрмыстық-электротауарларын контейнерден және көліктен сату

300

3.

Өнеркәсіп тауарларын сөреден сату:
1) шаруашылық және құрылыс материалдары
2) сыртқы киім, аяқ киім және түбіт орамал
3) тері және тері өнімдері (құндыз бөрік, тон, малақай)
4) тұрмыстық химия
5) ойыншықтар және кеңсе тауарлары
6) кілем және жиһаз бұйымдары
7) алтын және зергерлік бұйымдар
8) сувенирлер


300
199
200
 
200
100
399
399
100

4.

Сөрелерден және контейнерлерден автокөлік қосалқы бөлшектерін сату

500

5.

Мал сату: бір қорадан ірі қара мал және қой мен ешкі үшін

300

6.

Автокөлікті алып келіп сату

200

Атырау қалалық Мәслихатының
2010 жылғы 3 ақпандағы 
№ 175 шешіміне 2 қосымша

      Атырау қаласының жерлерінде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары:
      1) жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде жарнама объектiсiнiң ауданы және орналастыратын жерi негiзге алына отырып төмендегідей белгiленедi:

Р/н №

Жарнама түрлері

Жылжымайтын объектілерге төлемақы ставкалары (бір жағы үшін)(АЕК)

1.

Ауданы 2 ш.м. дейін сілтемелер, маңдайшалар, ақпараттық қалқандар (бір объект үшін):

1

1.

Лайтбокстер (сити форматтағы):

2

3.

Ауданы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер:



3.1.

2-ден 5 ш.м. дейін

3

3.2.

5-тен 10 ш.м. дейін

5

3.3.

10-нан 20 ш.м. дейін

10

3.4.

20-дан 30 ш.м. дейін

15

3.5.

30-дан 50 ш.м. дейін

20

3.6.

50-ден 70 ш.м. дейін

30

3.7.

70 ш.м. астам

50

4.

Шатырүсті неонды жарнама құрылғылары (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер):


4.1.

30 ш.м. дейін

20

4.2.

30 ш.м. астам

30

5.

Палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа- шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы жарнама:


5.1.

5 ш.м. дейін

1

5.2.

5-тен 10 ш.м. дейін

1

5.3.

10 ш.м. астам

2

6.

Уақытша тұрпаттағы дүңгіршектер мен павильондардағы жарнама:



6.1.

2 ш.м. дейін

1

6.2.

2-ден 5 ш.м. дейін

1

6.3.

5-тен 10 ш.м. дейін

2

6.4.

10 ш.м. астам

4

7.

Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер):

5

      2) көлік құралдарында, жарнама объектісінің ауданы және орналастырылатын жері негізге алына отырып белгіленеді:

Жарнама түрлері

Объектілерге төлемақы ставкалары (бір жағы үшін) (АЕК)

1.

Көлік құралының сыртқы жағындағы жарнама (бір көлік құралы үшін):


1.1.

Автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы автомобильдерде (1,5 тоннадан астам жүк көтеретін), өздігінен жүретін машиналар мен механизмдерде

        4

1.2

Шағын автобустарда, таксилерде, жеңіл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейін жүк көтеретін)

2

2.

Автокөлік құралына орнатылған құрылғылардағы жарнама (панно, қалқандар, лайтбокстер және т.б.), бір жағы үшін:


2.1

2 ш.м. дейін

2

2.2

2-ден 5 ш.м. дейін

10

2.3

5-тен 10 ш.м. дейін

25

2.4

10-нан 20 ш.м. дейін

25

2.5

20-дан 40 ш.м. дейін

45

2.6

40 ш.м. астам

40

Атырау қалалық Мәслихатының
2010 жылғы 3 ақпандағы  
№ 175 шешіміне 3 қосымша

2010 жылға ұсынылатын жер ставкасы

      Үй іргесіндегі жер учаскелері төмендегідей базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға жатады:
      1. Көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;
      2. Көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға 1 шаршы метрі үшін 4,0 теңге.

Атырау қалалық Мәслихатының
2010 жылғы 3 ақпандағы  
№ 175 шешіміне 4 қосымша 

      Атырау қаласы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:

Р/н№

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі және жоғарғы мөлшері (АЕК)

2010 жылға салық ставкасы (АЕК)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1-12

-

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1-18

-

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютерлер

1-4

3

4

Ойын жолы

5-83

19

5

Карт

2-12

-

6

Бильярд үстелі

3-25

7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады