Махамбет ауданы бойынша 2010 жылға арналған салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы N 201 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 24 ақпанда N 4-3-140 тіркелді. Күші жойылды - Махамбет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 мамырдағы № 208 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Махамбет аудандық мәслихатының 30.05.2014 № 208 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36-бабының сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Салық кодексіне сәйкес белгіленген бір жолғы талондар құны, қосымшаларға сәйкес (12) бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың "Экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына (А. Есқариев) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс 19-сессиясының төрағасы                   А. Жұмыров
      Аудандық мәслихат хатшысы                     А. Құрманбаев

Аудандық мәслихаттың   
2010 жылғы 9 ақпандағы № 201
шешіміне 1-қосымша  

Базар көлемінде бір жолғы талон құны 1 сатушы орнына (1 күнге) теңгемен

р/с

Кәсіпкерлік қызмет түрі

Бір күндік талон құны

1

Азық-түлік сату:
1) 30,0 мың теңгеге дейін;
2) 30,0 мың теңгеден жоғары

100
150

2

Нан және ұннан жасалған өнімдерді сату

80

3

Сүт және сүттен жасалған өнімдерді сату

50

4

Киім-кешек өнімдерін сату:
1) 80,0 мың теңгеге дейін;
2) 80,0 мың теңгеден 120,0 мың теңгеге дейін;
3) 120,0 мың теңгеден жоғары

150
200
250

5

Парфюмерия, косметика сату

150

6

Ойыншық, сувенирлер сату

100

7

Шаруашылық тауарлар, ыдыс аяқ, хрусталдар сату

150

8

Кеңсе бұйымдарын сату

150

9

Ет өнімдерін сату

200

10

Көкөніс, жеміс сату

150

11

Азық-түлік өнімдерін көлік құралдарынан сату:
1) (УАЗ, Газель автокөліктерінен) 2 тоннаға дейін;
2) (ГАЗ, Зил автокөліктерінен) 5 тоннаға дейін;
3) (МАЗ, Камаз автокөліктерінен) 5 тоннадан жоғары

250
350
450

12

Балық өнімдерін сату

80

13

Жүннен тоқылған өнімдерді сату (кілемше, шұлық, қолғап т.б.)

50

Аудандық мәслихаттың   
2010 жылғы 9 ақпандағы № 201
шешіміне 2-қосымша   

Қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар үшін
(1 күнге) теңгемен

р/с

Салық салу объектісі

Орташа айлық кіріс

Бір күндік талон құны

1

Тұқым, егістік көшеттер мен жеміс ағаш көшеттерін сату

20000

80

2

Баубақша өнімдерін сату

25000

100

3

Баубақша өнімдерін көлік құралдарында сату

50000

200

4

Саяжайларда, тұрғын үй учаскелерінде өсірілген гүл өнімдерін сату

12500

50

5

Саяжайлардан, қосалқы шаруашылықтан өндірілген өнімдерді сату

15000
37500
62500

60
150
250

6

Саяжайлардан, қосалқы шаруашылықтан өндірілген өнімдерді көлік құралдарынан сату

75000
25000

300
500

7

Автокөлік құралдарын сатумен айналысу: 1) жақын шетелдік мемлекеттерден;
2) алыс шетелдік мемлекеттерден

75000
125000

300
500

8

Жеке меншік трактормен жер учаскелерін өңдеу жұмыстары

75000

300

9

Жеке автокөлік иелерінің аудан көлемінде жүк тасымалдау қызметін көрсетуі:
1) жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі көліктер 1 рейске;
2) жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі көліктер 1 рейске

50000
75000

200
300

10

Жеке автокөлік иелерінің аудан көлемінен тыс жерлерге жүк тасымалдау қызметін көрсетуі:
1) жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі көліктер 1 рейске;
2) жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі көліктер 1 рейске

100000
150000

400
600

11

Автокөліктермен су қүю

50000

200

12

Жеке меншік жеңіл көліктермен жолаушы тасымалдау:
1) аудан көлемінде;
2) аудан көлемінен тыс жерлерге

15000
62500

60
250

13

Салтанатты кештерде бейнетаспаға түсіру 1 шараға

75000

500

14

Тамадалық қызмет көрсету 1 шараға

250000

1000

15

Фотоға түсіру

75000

500

16

Газет журнал сату

5000

20

17

Мал бағу (қызметі)

25000

100

18

Ұсақ мал сату

125000

500

19

Үй жөндеу қызметі (әр үй үшін)

500000

2000

20

Аяқ киім жөндеу

12500

50

21

Киім тігу, тоқып сату

12500

50

22

Жем сату

50000

200

23

Сыпыртқылар сату

12500

50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады