Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 12.07.2023 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, аудандық әкімияттың 2008 жылығы 25 ақпандағы № 26 "Исатай ауданының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысына және Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 16 "Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 26 мамырдағы № 137 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімі ҚАУЛЫЕТЕДІ:
1.Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Н. Құрманғалиева), аудан көлеміндегі жұмыс беруші кәсіпорындар мен шаруашылық субьектілері басшыларына (келісім бойынша) және селолық округ әкімдеріне:
1) халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына және "Жол картасы" жобасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын құру жұмысын жүргізуді қамтамасыз ету;
2) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған қаражаттың қаржыландыруын қамтамасыз ету ұсынылсын.
2.Қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын мекемелердің тізбесі бекітілсін.
3. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылатын тұлғаларға аударылатын орташа айлық мөлшері 20000 (жиырма мың) теңге болып белгіленсін.
4. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 86 "Ауданда халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" және 2009 жылғы 27 шілдедегі № 126 "Ауданда халықтың аз қамтылған және басқа да нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулыларының күші жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.
6. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: | З. Сүйнешов |
Келісілді:
"Аманбаев Алмас" шаруа қожалығының
директоры _________ А. Аманбаев
18.02.2010 ж.
Аудандық пошта байланыс торабының
бастығы ___________ С. Қадірәлі
18.02.2010 ж.
Жеке кәсіпкер _________ Н. Атауова
18.02.2010 ж.
"Қабдолқызы Зоя" шаруа қожалығының
басшысы _____________ Т. Ахтаев
18.02.2010 ж.
Жеке кәсіпкер _________ Закарина У.
18,02,2010 ж.
"Забурын" су тазарту қондырғысының
басшысы ___________ Қ. Құсайынов
18.02.2010 ж.
"Болат Д" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
директоры __________ Н.Қайреденов
18.02.2010 ж.
"Аққыстау су арнасы" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
директоры _________ А.Аманбаева
18.02.2010 ж.
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы "22" ақпандағы № "27" қаулысына қосымша |
Аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын кәсіпорын, мекемелер тізбесі
№ | Кәсіпорын, мекемелер атауы | Адам саны (бірлік) | |
Жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру негізінде | "Жол картасы" жобасы негізінде | ||
1 |
Жеке кәсңпкер "Закарина У" | 70 | |
2 |
"Забурын" су тазарту қондырғысы | 5 | 7 |
3 |
Қабдолқызы Зоя шаруа қожалығы | 5 | 10 |
4 |
"Аққыстау су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 10 | |
5 |
"Болат Д" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 10 | |
6 |
"Аманбаев Алмас" шаруа қожалығы | 10 | |
7 |
Аудандық пошта байланыс торабы | 10 | |
8 |
Жеке кәсіпкер "Атауова Н" | 3 | |
Барлығы | 80 | 60 |