Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 25.06.2012 № 129 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, Атырау облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 137 Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 80 Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4-5-126 тіркелген, 2010 жылғы 10 маусымдағы "Қызылқоға" газетінің № 24 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Халықтың нысаналы тобы ішінен жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізіміне "Ветсервис Тұлпар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Нұр" шаруа қожалығы енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 11 тамыз № 154
қаулысымен бекітілген
1. "Ветсервис Тұлпар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2. "Нұр" шаруа қожалығының төрағасы.