Мақат ауданы бойынша Салық басқармасының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 06-АҚӨБ-03-6/3470 санды ұсынысын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІЗ:
1. Аудан бойынша 2010 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құнының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 20 ақпандағы "Аудан бойынша 2009 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құнының мөлшері туралы" № 105-ІV шешімінің (Мақат ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 наурызда № 4-7-97 санымен тіркелген және 2009 жылғы 26 наурызда аудандық қоғамдық-саяси "Мақат тынысы" газетінің № 13 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану және табиғатты қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткеннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық Мәслихаттың кезекті
ХХІ сессиясының төрағасы А. Елубаев
Аудандық Мәслихаттың хатшысы Т. Жолмағамбетов
Аудандық Мәслихаттың
2010 жылғы 9 ақпандағы
№ 197-ІV шешіміне қосымша
теңге
№ р/с |
Эпизодтық қызмет түрлері |
Бағасы |
1 2 3 4 |
Газет және журналдарды қолдау сату |
60 70 |
Базар ішіндегі сауда жасаушы тұлғалар үшін:
1 |
Балық өнімдерін сату |
150 |
Вокзал басындағы базар:
1 |
Киім кешек |
70 |