2011 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 620 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 20 қаңтарда N 14-2-103 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 2 ақпандағы N 148 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2012.02.02 N 148 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстар бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің өтінімі бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырылсын.
      3. Қоғамдық жұмысшылардың жалақысы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, жалақының ең төменгі мөлшері көлемінен кем емес төленсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Қ.Сыдықов

Арыс қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
N 620 қаулысымен бекітілген

р/с

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Жұмыспен қамтылғандардың саны

1

Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ауылдық округ әкімі аппараттары

Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу

55

2

Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар

Жолдар құрылысы, жолдарды жөндеу

10

3

Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу

40

4

Біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Ішкі істер бөлімі

Берілген өтінімдеріне сәйкес Біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі және ішкі істер бөлімдерінің жұмыстарына қатысу

20

5

Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауылдық округ әкімі аппараттары, қалалық мектептер

Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу

20

6

Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар

Тұрғын үй, шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету

40

7

Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік тұрғын үй жөнінен қызмет көрсету мекемелері

Аймақтық экология сауықтыру, көріктендіру

60

8

Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

200

9

Мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар

Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

40

      Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 1 /бір/ ай. Іс жүзіндегі сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі, 2011 жылға арналған қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
      Жұмыссыздардың еңбекақысы қалалық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақымен ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа пайдалана алатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады