Кентау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 169 "Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 118 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 мамырда N 14-3-90 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 14 наурыздағы N 81 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау  қаласы әкімдігінің 2011.03.14 N 81 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 765 Жарлығына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 79 қаулысына сәйкес және халықты жұмыспен қамтуды кеңейту шараларына ықпал ету мақсатында Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жоғарғы білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы» Кентау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 тамыздағы № 169 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-3-73 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 13 маусымында «Кентау шұғыласы» газетінің 25 нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      4-тармағының:
      5) тармақшадағы «жайлы Уәкілетті органды» деген сөздер «және жұмыстан босағаны жайлы Уәкілетті органды 3 күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «7. Жастар тағылымдамасына қатысушылардың еңбек ақысы ай сайын бюджетте қаралған қаржы шегінде уәкілетті органмен төленеді.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Алимановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Қала әкімінің міндетін атқарушы            Ә.Алдамұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады