Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 23-5-149 "Бір жолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2010 жылғы 30 маусымдағы N 38-262-IV Шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 шілдеде N 14-11-130 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 13-101-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 21.12.2012 № 13-101-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы” Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Бір жолғы талонның төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" Сарыағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 23-5-149 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-11-103 тіркелген, 2009 жылғы 12 маусымдағы "Сарыағаш" газетінің № 74-76 санында жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ "Сарыағаш ауданының базарларында тауар сатушы жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін" деген сөздерден кейін "базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Ә.Қаржанбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б.Каипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады