Бір жолғы талонның құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 23-5-149 Шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 маусымда N 14-11-103 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 13-101-V Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 13-101-V Шешімімен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2012.03.13 № 3-25-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Сарыағаш ауданының базарларында тауар сатушы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда бір жолғы талонның төлемақы ставкалары N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2010.06.30 N 38-262-IV;  2012.03.13 № 3-25-V Шешімдерімен.
      2. Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талонның төлемақы ставкалары N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2012.03.13 № 3-25-V Шешімімен.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Е. Исахов
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б. Каипов

Сарыағаш аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 29 сәуірдегі N 23-5-149
шешіміне N 1 қосымша

      Сарыағаш ауданы базарларында тауар сатушы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін біржолғы талонның төлемақы ставкалары

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2012.03.13 № 3-25-V Шешімімен.

N

Қызмет түрлері

Өлшем бірлігі

Біржолғы талонның мөлшері (теңге)

1

2

3

4

1

Ет және ет өнімдері

1 орынға

200

2

Ұндар

1 орынға

150

3

Нан және нан тағамдары
(самса, кебеп)

1 орынға

100

4

Көкөніс, жеміс-жидектер, сүт өнімдері

1 орынға

40

5

Кептірілген жемістер сату

1 орынға

80

6

Ұн, құмшекер, күріш және басқа да астық өнімдерін сату

1 орынға

80

7

Азық-түлік ( шұжық, ірімшік, балық, тауық еті, көкөніс салаттар т.б.)

1 орынға

120

8

Киімдер, мата, бас киімдер, аяқ киімдер (кілем-паластар)

1 орынға

150

9

Заттай аралас тауарлар, жаймадан сату

1 орынға

80

10

Кеңсе, парфюмерия (шаруашылық тауарлар, аудио, видео техникалары)

1 орынға

120

11

Зерде бұйымдары (хрусталь)

1 орынға

300

12

Жеңіл көліктер, ауыл шаруашылық техникалары, автобустар

1 орынға

150

13

Авто қосалқы бөлшектер:
а) жаңасы
б) ескісі

1 орынға

100

50

14

Ірі қара мал, жылқы, түйе

1 бас

150

15

Қой, ешкі, т.б. жануарлар

1 бас

80

16

Құстар мен аңдар

1 бас

50

17

Құрылыс заттары

1 орынға

150

18

Гүлдер, көшеттер

1 орынға

50

19

Аяқ киім жөндеу және басқа тұрмыстық қызметтер

1 орынға

50

20

Басқа да ұсақ түйек тауарлар

1 орынға

30

Сарыағаш аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 29 сәуірдегі N 23-5-149
шешіміне N 2 қосымша

      Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін
бір жолғы талонның төлемақы ставкалары

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихат сессиясының 2012.03.13 № 3-25-V Шешімімен.

N

Қызмет түрлері

Өлшем
бірлігі

Бір жолғы
талонның мөлшері (теңге)

1.

Cату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда)



1)

Газеттер және журналдар

1 күнге

100

2)

Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет)

1 күнге

80

3)

Бақша дақылдарын

1 күнге

80

4)

Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді (арнайы тұрақты орындардан басқалары)

1 күнге

100

5)

Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін

1 күнге

80

6)

Жануарлар мен құстардың жемдерін

1 күнге

60

7)

Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық

1 күнге

80

2.

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі

1 күнге

300

3.

Үй жануарларды бағу



4.

Құстарды бағу

1 күнге

50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады