Конго-қырым қанды қызбасының алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 180 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 мамырда N 14-13-71 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 30.01.2013 № 76 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі "Конго-қырым қанды қызбасының алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 нөмірімен тіркелген № 174 қаулысына сәйкес, аудандағы конго-қырым қанды қызбасының (ары қарай - КҚҚҚ) ошақтарын тексеру мен анықтау, ескерту, алдын алу және емдеу жұмыстары бойынша іс-шараларды тиімді ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның қала және ауылдық округ әкімдері заңмен белгіленген тәртіппен:
      1) ауыл шаруашылық жануарларды, мал қора және басқа да қосалқы жайларды кенеге қарсы өңдеуді ұйымдастырсын;
      2) малдарды жазғы жайылымдарға шығарғанда, ферма, жазғы лагерлер, мал қора және басқа да нысандардың (тыныс жайлар) жаздық уақытша жайларында кенелердің бар-жоқтығын көктемде, жазда және күзде айына 1 реттен сирек емес тексерулерді ұйымдастырсын;
      3) кенеге қарсы өңдеуге дейін қора жайлар мен аумақтарды қи мен қоқыстан механикалық тазалауды, барлық саңылау, жарылған жер, індерді алдын алу мазут автол, креолин сіңірген сазбен бекітіп, жөндеу жұмыстарын ұйымдастырсын;
      4) тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен бірге КҚҚҚ ошағының тіркелуі туралы мәліметті және зоологтық –паразитологиялық жағдайдың мониторингісін талдау негізінде физика-географиялық және әлеуметтік–шаруашылық сипаттамасын ескере отырып елді мекендердің КҚҚҚ аурушаңдығынан қолайсыз аумақтар тізіміне қосу жөнінен шаралар қабылдасын;
      5) елді мекендерді жеткілікті мал тоғыту ванналарымен қамтамасыз етсін;
      6) жануарлар қашарларын, ауыл шаруашылық жануарларды заласыздандырудан өткізуді 2010 жылдың 15 мамырына дейін уақ малдарды тоғыту жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін;
      7) әрбір өңделген орынды зертханалық зерттеуден өткізуді қамтамасыз етсін және өңдеудің төлемақысын көрсетілген зерттеулердің нәтижесі бойынша төлесін.
      2. Ауданның қала және ауылдық округ әкімдері, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Н.Нышанов, келісім бойынша) заңмен белгіленген тәртіппен:
      1) кенеге қарсы қорғау аумағын құру;
      2) кенелердің санын азайту үшін құрғақ бұтақтарды қопару, ферма маңындағы жайылымның ескі өсімділерін ауыл айналасындағы және көктемгі, жазға мал жайылымдарын, шопандардың орналасқан жерлеріндегі кеміргіштердің індерін өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Н.Нышанов, келісім бойынша) заңмен белгіленген тәртіппен:
      1) КҚҚҚ науқасы тіркелген, оның ауруханаға жатқан және немесе қайтыс болған жағдайда тұрғын үй мал қора және қосалқы жайларын кенеге қарсы өңдеуді ұйымдастыру;
      2) адамдардың КҚҚҚ ауруымен тіркелген жағдайда алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерімен бірге елді мекендерде халық арасында аула жайларда сұрау (қарау) арқылы КҚҚҚ ауруларды белсенді табу және алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету жұмыстарын жүргізу;
      3) КҚҚҚ ауруларының алдын алу мақсатында атқарылатын іс-шаралар мониторингін жүргізу;
      4) КҚҚҚ ошақтарында залалсыздандыруды сапалы жүргізу ұсынылсын.
      4. Аудандық емханаға (Н.Тоқбергенов, келісім бойынша), қалалық емханаға (Т.Есжанов, келісімі бойынша) заңмен белгіленген тәртіппен:
      1) кене шаққан адамдарды дер кезінде анықтап, оларды оқшаулауды және білікті түрде емдеуді қамтамасыз ету;
      2) ауру жұқтырған адамдардың және тиісті ем алушылардың есебін қамтамасыз ету;
      3) қан сықпасы рибоглавиннің қажетті қорын құру жөнінен шаралар қабылдау;
      4) аурулармен тығыз қатыста болған адамдарға үнемі медициналық бақылау жүргізу ұсынылсын.
      5. Аудандық білім бөліміне (С.Бекмұрзаевқа) заңмен белгіленген тәртіппен:
      1) мектеп оқушыларының әскери-дала жиындарын білім беру мекемелерінде өткізуді қамтамасыз етсін;
      2) КҚҚҚ жағдай тұрақталғанға дейін жазғы сауықтыру лагерлерінің жұмысының уақытша тоқтатылсын;
      3) басталуына дейін және әрбір кезеңнің басталуы алдында лагер аумағын дизенфекциялауды және буферлік аумағының құрылуын қамтамасыз етуді, төсек жабдықтарының дезинфекциялық камерада залалсыздандыруын қамтамасыз етсін.
      6. Төлеби аудандық аумақтық басқармасының бастығы (Б.Тұрғынбеков, келісім бойынша) заңмен белгіленген тәртіппен:
      1) иксод кенелеріне қарсы тиісті ветеринарлық іс-шаралардың сапалы жүргізуі бақылауға алу;
      2) жануарларды дезинфекциялауда жергілікті жердегі температуралық жағдайды, дезинфекциондық эмульсиясын пайыздық көрсеткіштері жеке кенелердің белсенділігін бақылауға алу;
      3) қашарларды дезинфекциялау іс-шаралардың жүргізілуінің сапасын бақылау жасау ұсынылсын.
      7. Төлеби аудандық аумақтық басқармасының бастығы (Б.Тұрғынбековке келісім бойынша), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Н.Нышанов, келісім бойынша) заңмен белгіленген тәртіппен:
      1) аудан көлеміндегі мал базарлардағы ветеринарлық-санитарлық талаптардың орындалуын бақылауға алуды, тиісті органдармен бірге ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдауын бақылауға алуды, қажет болған жағдайда уақытша жабу туралы ұсыныс беру жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
      8. Төлеби аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Н.Дәуреханов, келісімі бойынша) заңда белгіленген тәртіппен халықтың табиғатқа демалысқа шығуы кезінде тәртіпті қадағалау ұсынылсын.
      9. Аудандық ветеринария бөлімі (О.Сүттібаев) заңмен белгіленген тәртіппен:
      1) экзотиялық ауруларды жою үшін 2010 жылдың көктем мезгіліне бөлінген дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету шаралары қабылдансын;
      2) экономика және қаржы бөлімімен бірлесіп елді мекендердің буферлік аумағын залалсыздандыру жұмысына шығын есептерін жасап, облыстық ауылшаруашылық басқармасына ұсыныс дайындасын;
      3) ҚККК қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша ауданның, қала және ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметіне координациялық мониторингі жүргізілсін;
      4) күнделікті аудан әкімі аппаратына КҚҚҚ туралы мәлімет берсін;
      5) залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін басқа аудандардан қосымша құрал жабдықтармен техниканы тарту жұмыстарын жүргізсін.
      10. Аудандық емханаға (Н.Тоқбергенов, келісімі бойынша), қалалық емханаға (Т.Есжанов, келісім бойынша) аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Н.Нышанов, келісімі бойынша) заңмен белгіленген тәртіппен, халық арасында КҚҚҚ ауруының алдын алу мақсатында санитарлық ағарту жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      11. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Рысбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ә.Тұрғымбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының бастығы            Н.Нышанов
      «29» 04 2010ж

      Аудандық емхананың бас дәрігері            Н.Тоқбергенов
      «29» 04 2010ж

      Қалалық емхананың бас дәрігері             Т.Есжанов
      «29» 04 2010ж

      Төлеби аудандық аумақтық
      басқармасының бастығы                      Б.Тұрғынбеков
      «29» 04 2010ж

      Аудандық ішкі істер бөлімінің
      бастығы полиция полковнигі                 Н.Дәуреханов
      «29» 04 2010ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады