Шығыс Қазақстан мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға және сенімді басқаруға беру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі N 558 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 15 қазанда N 2536 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 03 мамырдағы N 88 қаулысымен

      Сноска. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011.05.03 N 88 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң теңгеріміндегі Шығыс Қазақстан мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік объектiлерін мүлiктiк жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулық;
      2) 2-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегі немесе жедел басқаруындағы мүлкін, оның ішiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру жөніндегі нұсқаулық;
      3) 3-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Аудандар, қалалар әкiмдерiне мемлекеттік аудандық (қалалық) коммуналдық меншік объектілерін мүлiктiк жалға, сенімді басқаруға беру шарттарын осы қаулының 1-тармағында аталған Нұсқаулықтар негiзiнде белгілеу ұсынылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.С. Әбденовке жүктелсін.

      Облыс әкімі                        Б. Сапарбаев

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы «14» қыркүйектегі
№ 558 қаулысына 1 қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы «14» қыркүйектегі
№ 558 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттiк мекемелердiң теңгеріміндегі Шығыс Қазақстан  мемлекеттiк облыстық коммуналдық меншік объектiлерін
мүлiктiк жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық облыстық коммуналдық мемлекеттік мекемелер теңгеріміндегі облыстық коммуналдық меншік объектілерін (бұдан әрі - Объект) мүлiктiк жалға (жалдауға) беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануды нақтылайды.
      2. Тарих пен мәдениет ескерткiштерi болып табылатын, жергілікті маңызды санатына жатқызылған ғимараттар тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жөніндегі құзыретті мемлекеттік органымен оларды қолдану және пайдалану шарттары келісілген жағдайда мүліктік жалға (жалдауға) беріледі.
      3. Мемлекеттік мекемелер теңгеріміндегі облыстық коммуналдық меншік объектілерін, олардың ведомстволық тиесілігіне қарамай, мүлiктiк жалға (жалдауға) беруді облыстық коммуналдық меншікті басқаруға әкімдікпен уәкілеттік берілген, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган объектінің балансұстаушысының (бұдан әрі - Жалға беруші) келiсiмі бойынша жүзеге асырады.
      4. Мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты, оның талаптарын тиiсiнше орындағанда ұзартылу құқығымен үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалады.
      5. Егер де мемлекеттік коммуналдық меншіктің жеке объектілерін жалдау ақысының ставкасы мен мүліктік жалға беру шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілсе, онда Үкіметпен бекітілген Ереже қолданылады.

 2. Кейіннен сатып алу құқығынсыз объектілерді мүліктік
жалға (жалдауға) берудің шарттары

      6. Объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) алуға арналған өтiнiмдердi облыстық коммуналдық мемлекеттік мекемелерден басқа кез келген заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - Жалдаушы) беруi мүмкiн.
      Өтiнiмдер Жалға берушiге берiледi.
      7. Келiп түскен өтiнiмдердi қарау және олар бойынша шешiм қабылдау бiр ай мерзiмде өткiзiледi.
      8. Объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру туралы келiп түскен өтiнiмдер мынадай құжаттар:
      1) Объектiге қажеттiлiктiң техникалық-экономикалық негiздемелері;
      2) құрылтай құжаттардың көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн);
      3) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжат көшірмесі (жеке тұлғалар үшiн) болғанда қаралады.
      9. Жалға берушi өтiнiмдi және ұсынылған құжаттарды қарастырудың нәтижелерi бойынша мынадай:
      1) Объектiнi мақсатты пайдалану бойынша мүлiктiк жалға (жалдауға) беру туралы;
      2) осы Объект бойынша Жалдаушының тендерлiк iрiктеуiн өткiзу туралы;
      3) себептерiн жазбаша көрсете отырып объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру немесе бас тарту туралы шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды.
      Өтiнiшкерлерге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын екi не одан көп өтiнiм болса, Объект мүлiктiк жалға (жалдауға) тендердiң қорытындылары бойынша ғана берiлуi мүмкiн.
      10. Мақсатты пайдалануы бойынша Объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру кезiнде мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік объектілерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының есептік ставкалары аймақтық жағдайларды ескере отырып анықталады және «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша облыстық коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті атқарушы орган бекітеді.
      11. Жалға берушi тендер өткiзу туралы шешiм қабылдау кезiнде:
      1) тендер өткiзiлетiн күн мен орнын, оның шарттарын, сондай-ақ тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерiн анықтайды;
      2) тендерлiк құжаттаманы бекiтедi;
      3) тендерлiк комиссияны қалыптастырады;
      4) кепiлдiк жарналарды қабылдайды;
      5) тендерлiк комиссия отырыстарының хаттамаларын бекiтедi;
      6) тендер жеңiмпазымен мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасуды қамтамасыз етедi;
      7) тендер аяқталғаннан кейiн, осы Нұсқаулықтың 26-тармағында белгiленгеннен басқа жағдайларда, тендерге қатысушыларға кепiлдiк жарналарды қайтарады.
      12. Тендерлiк комиссия тендердi ұйымдастырушы болып табылады.
      13. Тендерлiк комиссияның құрамына Жалға берушiнiң, баланс ұстаушының, өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерi енгiзiледi, сондай-ақ тәуелсiз мамандар мен сарапшылар қатыстырылуы мүмкiн. Жалға берушiнiң өкiлi Комиссияның төрағасы болып табылады.
      14. Комиссияның құрамы Жалға берушiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
      15. Тендерлiк комиссия мынадай қызметтердi жүзеге асырады:
      1) Жалға берушi белгiлеген мерзiмде және олар ұсынған Объектi туралы деректер негiзiнде тендердiң шарттарын әзiрлейдi, олардың негiзгiсi мақсатты бағыты бойынша мүлiктiк жалдау (жалға беру) кезiнде ұқсас объектiлер үшiн белгiленген жалға беру ақысының ставкасынан төмен болмайтын жалға беру ақысының ең төмен ставкасы болып табылады;
      2) тендерлiк құжаттаманы және тендер жариялау үшiн басқа да қажеттi құжаттарды дайындайды;
      3) тендер өткiзедi;
      4) қажет болған жағдайда тендерлiк және басқа да қажеттi құжаттаманы дайындау, өтiнiмдердi жинау және талдау бойынша жұмыстарды жүргізу жөнiндегi мамандар мен сарапшыларды тартады;
      5) тендерлiк комиссия отырысының тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын анықтаған тұжырымы немесе өзге де шешiм бар хаттамасын ресiмдейдi.
      16. Жалға берушi тендер құжаттамасының нақты құрамын және дайындаудың шарттарын анықтайды.
      17. Жалға берушi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде тендер өтуiне дейiн кемiнде 15 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында тендер өткiзу туралы хабарламаның жариялануын қамтамасыз етедi.
      18. Тендер өткiзу туралы хабарламада мынадай мәліметтер болуы тиіс:
      1) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасы;
      2) мүлiктiк жалдың (жалдаудың) мерзiмi;
      3) кепiлдiк жарнаны енгiзудiң мерзiмдерi, мөлшерi;
      4) тендердiң шарттары және жеңiмпазды таңдау өлшемдерi;
      5) тендер өткiзiлетiн күн, уақыты мен орны;
      6) тендерге қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың мекен-жайы, мерзiмдерi;
      7) тендерге қатысуды ресiмдеу тәртiбi туралы мәлiмет;
      8) тендерге қатысу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi;
      9) тендерлiк құжаттаманы алатын және тендер объектiсiмен танысатын мекен-жай, мерзiмдерi мен шарттары.
      19. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен басталады және тендер өткiзiлгенге дейін 24 сағат бұрын аяқталады.
      20. Жалға берушi тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн Объектiлер және тендер өткiзу шарттары туралы ақпаратқа барлық ниет бiлдiрушiлердiң еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етеді.
      21. Үмiткер тендерге қатысу үшiн Жалға берушi белгiлеген мерзiмдерде мынадай құжаттарды ұсынуы тиiс:
      1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмi және оның тендер шарттарын орындау мен мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттемесi бар тендерге қатысуға өтiнiм;
      2) желiмделген конвертте тендердiң шарттары бойынша ұсыныстар;
      3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - жарғының, заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң, статистикалық карточканың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн, сондай-ақ өкiлдерiнiң өкiлеттiктерiн растайтын құжат;
      4) шетелдiк заңды тұлғалар орыс тiлiнде нотариалды расталған аудармасымен бiрге құрылтайшылық құжаттарды ұсынады;
      5) жеке тұлғалар - жеке басын куәландыратын құжат;
      6) кепiлдiк жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi;
      7) бюджет алдында берешегi жоқ екендігі туралы мәлiмет.
      22. Тендерге қатысушылар тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдер мен шарттарда Жалға берушiнiң депозиттiк шотына кепiлдiк жарна енгiзедi.
      Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi. Жалға берушi кепiлдiк жарнаны алушы болып табылады.
      23. Тендерге қатысу үшiн кепiлдiк жарна Объектiнiң баланстық құнының 1-ден бастап 5 пайызға дейінгі мөлшерiнде (Жалға берушiнiң ұйғарымы бойынша) белгiленедi.
      24. Кепiлдiк жарна тендерге қатысушының мынадай мiндеттемелерiнiң:
      1) тендерде жеңген жағдайда тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдың;
      2) тендер нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасудың қамтамасыз етiлуi болып табылады.
      25. Тендерде жеңген және мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасқан тендерге қатысушының кепiлдiк жарнасы мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты бойынша тиесiлi төлемдер есебiне жатады.
      26. Жалға берушi кепiлдiк жарнаны жеңiмпазға тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасудан бас тартқан жағдайда қайтарылмайды.
      Қалған барлық жағдайларда кепiлдi жарналар тендер аяқталған күннен бастап 10 банктiк күннен кешiктiрмей, ал егер Жалға берушiнiң шотына ақша тендер өткеннен кейiн түссе, олар түскен күннен бастап 10 банктiк күннен кешiктiрмей қайтарылады.
      27. Тендерге қатысушы кепiлдiк жарнаның кез-келген сомасын енгiзуге құқылы, бұл ретте бiр кепiлдiк жарна бiр Объектiге тендерге қатысу құқығын бередi.
      28. Өтiнiмдердi қабылдау және тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлғаларды тiркеу қажет етiлетiн құжаттардың толық жиынтығы болғанда жасалады.
      29. Тендерге қатысушының:
      1) тендерге өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысуға;
      2) тендерге шығарылатын Объект бойынша қосымша мәлiметтердi, нақтылауларды тегiн алуға;
      3) Объектiнi алдын-ала қарауға;
      4) оның құқықтары бұзылғанда сотқа жүгiнуге;
      5) бұл туралы Жалға берушiге жазбаша хабарлай отырып, тендердiң басталуына дейін 24 сағат бұрын өз өтiнiмiн шақыртып алуға құқығы бар.
      30. Егер өтiнiмдердi қабылдау мерзiмiнiң аяқталу сәтiнде бiр ғана өтiнiм тiркелген болса (үшінші және келесi тендерлердi қоспағанда), тендер өтпедi деп танылады.
      31. Тендер өтетiн күнi отырыста тендерлiк комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттердi ашу алдында комиссия олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл тендер комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетiледi.
      Конверттердi ашу және ұсыныстарды жариялау кезiнде тендерге қатысушылардың немесе олардың тиiстi дәрежеде уәкiлеттiк берiлген өкiлдерiнiң қатысуға құқықтары бар.
      32. Тендерлiк комиссия ұсынылып отырған ұсыныстардың тендерлiк құжаттамада көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Ұсынылып отырған ұсыныстар тендерлiк құжаттамада көрсетiлген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда көрсетiлген ұсыныстар одан әрi қарауға жатпайды және мұндай өтiнiм берген тұлға тендердiң қатысушысы мәртебесiн жоғалтады, бұл тендерлiк комиссия отырысының хаттамасында көрсетiледi.
      33. Тендерлiк комиссия конверттердi ашып, ұсыныстарды жариялағаннан кейiн ұсыныстарды талқылау және бағалау үшiн кеңесуге кетедi.
      Тендерге қатысушылар (олардың өкiлдерi) ұсыныстарды талқылау және бағалау кезiнде қатысуға құқылы емес.
      34. Тендерлiк комиссияның шешiмi қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған ретте тендерлiк комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      35. Тендерлiк комиссияның отырыстары, егер оларға тендерлiк комиссия мүшелерiнiң 2/3-і қатысса, заңды болып табылады.
      36. Тендер объектiсiн жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған және тендерлiк құжаттамадағы барлық талаптарға жауап беретiн тендердiң қатысушысы тендер жеңiмпазы деп танылады.
      37. Тендерлiк комиссияның тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын анықтайтын тұжырымы немесе өзге шешiмi тендерлiк комиссия мүшелерi қол қоятын және Жалға берушi бекiтетiн хаттамамен ресiмделедi.
      Тендер жеңiмпазын айқындайтын хаттамаға тендердi жеңiп алушы тұлға да қол қояды.
      38. Тендер нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi тендердiң жеңiмпазына берiледi және оның мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартын жасасуға құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
      39. Тендердiң нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда жеңiмпазбен мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты жасалады.
      40. Жалдаушымен мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты тендер хаттамасына қол қойылған күннен немесе Жалға берушi Объектiнi мақсатты пайдалану үшiн мүлiктiк жалға (жалдауға) беру туралы шешiм қабылдаған күннен 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде жасалады, осыдан кейiн балансұстаушы 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде Жалдаушыға Объектiнi қабылдау-өткiзу кесiмi бойынша бередi.
      Жалға берушi қабылдау-өткiзу кесiмiн бекiтедi.
      41. Тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда тендер Объектiсiн мүлiктiк жалға беру шартын жасасудан жеңiмпаз бас тартқан жағдайда, Жалға берушi басқа жеңiмпазды тендерге қатысушылардың қалғандарының iшiнен (егер қалғандарының саны кемiнде екеу болса) анықтауға, немесе жаңадан тендер өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      42. Бiр жылдан астам мерзiмге жасалған мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шарты мемлекеттiк тiркелуге жатады.
      43. Сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштерін мүлiктiк жалға (жалдауға) беру кезінде мүлiктiк жалға беру шартына Объектіні сәулет, тарих және мәдениет ескерткіші ретінде сақтауға бағытталған ережелер қосымша қосылады.
      44. Мерзімді немесе бір жолғы енгізілетін төлем сомасы барлық жалданатын мүлiк үшін тұтастай немесе оның құрамдас бөлiгiнiң әрбiреуі үшiн бөлек белгiленеді, бұл мүлiктiк жалға беру (жалдау) шартында ескертіледі.
      45. Мүлiктiк жалға (жалдауға) беру үшiн төлемге коммуналдық қызмет көрсетулер үшiн төлемдер, ағымдағы және күрделi жөндеуге аударымдар, Объектiге қызмет көрсетуге арналған төлемдер кiргiзiлмейдi. Жалдаушы бұл төлемдердi ведомстволық күзету, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және басқа қызметтерге немесе балансұстаушыға тiкелей төлейдi.
      46. Мүлiктi пайдалану үшiн жалдау ақысының ставкалары егер өзгесi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартымен көзделмесе, жылына бiр реттен жиi өзгертiлмейдi.
      47. Жалдау ақысы облыстық бюджетке аударылады.
      48. Егер Жалдаушы өз қаражаты есебiнен және Жалға берушiнiң келiсiмiмен Объект үшiн зиянсыз ажырамайтын жақсартулар жасаса, шарт тоқтатылғаннан кейiн, егер шартпен өзгесi көзделмесе, Жалға берушi осы жақсартулардың құнын толтыруға құқылы.
      Егер өзгесi шартпен көзделмесе, Жалдаушы жүргізген Объектiлердi ажыратып жақсартулар оның меншiгi болып табылады.
      Егер өзгесi заңнамалық кесiмдермен немесе шартпен көзделмесе, Жалдаушы Жалға берушiнiң келiсiмiнсiз жасаған ажырамайтын жақсартулардың құны өтелуге жатпайды.
      49. Жалдаушыға Объектіні беруді Жалға беруші бекітетін қабылдау-беру кесiм бойынша балансұстаушы жүзеге асырады.
      50. Қабылдау-беру кесiмi мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде үш данада жасалады, бір-бірден әрбір тараптар үшін және біреуі балансұсатушыға беріледі.

3. Дауларды шешу

      51. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген барлық мәселелер бойынша мүлiктiк жалға (жалдауға) беру шартының тараптары Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының нормалары басшылыққа алынады.
      52. Объектiнi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру кезiнде туындайтын даулар тараптардың өзара келiсiмi бойынша немесе сот тәртiбiнде қарастырылады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы «14» қыркүйектегі
№ 558 қаулысына 2 қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы «14» қыркүйектегі
№ 558 қаулысымен бекітілген

Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегі немесе жедел басқаруындағы мүлкін, оның ішiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Шығыс Қазақстан облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегі немесе жедел басқаруындағы мүлкін, оның ішiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк облыстық коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдылығын қолдануды нақтылайды.
      2. Облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкін, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк облыстық коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру:
      1) облыс әкімдігі қаулысының жекелеген шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын облыстық мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың стратегиялық маңызы бар объектiлерiн мүлiктiк жалға беру;
      2) алаңы 100 шаршы метрге дейiн үй-жайларды, теңгерiмдiк құны 150 есе ең төменгi есептiк көрсеткiштен аспайтын жабдықты беру;
      3) курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық iс-шаралар өткiзу үшiн бiр айдан аспайтын мерзiмге үй-жайларды беру;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар мен заңды тұлғалар өткiзетiн мүлiктiк жалға алу жөнiндегi қызметтердi сатып алуға арналған конкурстарға қатысу жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізде жүргізіледі.
      3. Коммуналдық меншік объектілерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының есептік ставкалары аймақтық жағдайларды ескере отырып анықталады және «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша облыстық коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті атқарушы орган бекітеді.
      Егер де мемлекеттік коммуналдық меншіктің жеке объектілерін жалдау ақысының ставкасы мен мүліктік жалға беру келісім-шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілсе, онда Үкіметпен бекітілген Ереже қолданылады
      4. Облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкін, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк облыстық коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру кейiннен сатып алу құқығынсыз жүзеге асырылады.
      5. Жалға алынған мүлiктi пайдаланғаны үшiн ақы төлеу ақшамен жүргізіледі және:
      1) облыстық коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың теңгеріміндегі объектілерді жалға беруден түскен төлем облыстық бюджетке;
      2) облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі объектілерді жалға беруден түскен төлем кәсіпорын кірісіне аударылады және оны өздері дербес пайдаланады.

2. Объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттары

      6. Облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi мүлкін, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк облыстық коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру кезiнде коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар жалға берушi болады.
      7. Облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың жедел басқаруындағы мүлкін, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк облыстық коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру кезiнде облыстық коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жалға берушi болады.
      8. Облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiндегi мүлкін үш жылға дейiнгi мерзiмге мүлiктiк жалға беру туралы шешiмдi кәсіпорын өз еркімен қабылдайды.
      Облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiндегi мүлiктi үш жылдан астам мерзiмге жалға берудi кәсiпорын мемлекеттiк басқару органымен және уәкiлеттi органмен жазбаша келісілгеннен кейiн жүзеге асыра алады.
      9. Жалға берушi мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мүлiктi мүлiктiк жалға беру туралы және тендер өткiзу туралы шешiм қабылдайды;
      2) тендер өткiзiлетiн күн мен орнын, оның шарттарын, сондай-ақ тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерiн белгiлейдi;
      3) тендерлiк құжаттаманы бекiтедi;
      4) тендерлiк комиссия құрады;
      5) кепiлдiк жарналарды қабылдайды;
      6) тендерлiк комиссия отырыстарының хаттамаларын бекiтедi;
      7) тендер жеңiмпазымен мүлiктi жалға беру шартын жасасуды қамтамасыз етедi;
      8) тендер аяқталғаннан кейiн тендерге қатысушыларға, осы Нұсқаулықтың 33-тармағымен белгiленгеннен басқа жағдайларда, кепiлдiк жарналарын қайтарады.
      10. Тендерлiк комиссия тендердi ұйымдастырушы ретiнде әрекет етедi.
      11. Тендерлiк комиссия жалға берушiнiң, мемлекеттік басқару органы мен уәкiлеттi органның өкiлдерiнен құралады. Тендерлiк комиссияның құрамына сол сияқты өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн. Жалға берушінің өкілі тендерлік комиссия төрағасы болып табылады.
      12. Тендерлiк комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) тендердi хабарлау үшiн тендерлiк құжаттамаларды және басқа да қажеттi құжаттарды дайындайды;
      2) тендерге қатысушыларды тендерлiк құжаттамалармен және тендер объектiсiмен таныстыруды жүргiзедi;
      3) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде тендердiң өткiзiлуi туралы хабарлама жариялауды жүзеге асырады;
      4) ұсынылған өтiнiмдердi қабылдауды, тiркеудi және сақтауды жүргiзедi;
      5) өтiнiмдердi қабылдау және тiркеу аяқталғаны туралы хаттама әзiрлейдi;
      6) қажет болған жағдайда, тендерлiк және басқа қажеттi құжаттамаларды дайындау, өтiнiмдердi жинау және талдау бойынша жұмыстарды жүргiзу жөнiндегі мамандар мен сарапшыларды тартады;
      7) тендерлiк комиссия отырысының тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын анықтаған тұжырымы немесе өзге шешiмi бар хаттамасын ресiмдейдi.
      13. Тендерлiк комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң жәй көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған ретте тендерлiк комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      14. Тендерлiк комиссияның отырыстары, егер оларға тендерлiк комиссия мүшелерiнiң 2/3-i қатысса, заңды болып табылады.
      15. Тендер ұйымдастырушы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде тендер өткiзуге дейiн кемiнде 15 күн бұрын тендер өткiзу туралы хабарлама жариялайды.
      16. Тендер өткiзу туралы хабарламада:
      1) жалға берушiнiң атауы;
      2) мүлiктiк жалдың мерзiмi және жалдау ақысының бастапқы ставкасының мөлшерi (осы Нұқсаулықтың 3-тармағына сәйкес жалға берушi анықтаған есептiк ставкасынан төмен болмауы тиiс);
      3) тендердiң шарттары және жеңiмпазды таңдау өлшемдерi;
      4) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасы;
      5) тендерге қатысуды ресiмдеу тәртiбi туралы мәлiмет;
      6) тендерге қатысу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi;
      7) мүлiктiк жалға беру шартын жасасу мерзiмi;
      8) тендерлiк құжаттаманы алатын және тендер объектiсiмен танысатын мекен-жай, мерзiмдерi мен шарттары;
      9) тендер өткiзiлетiн күн, уақыты және орны туралы мәлiметтер;
      10) өтiнiмдер қабылдау басталатын және аяқталатын күн мен уақыты болуы тиiс.
      17. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлғаның тендер объектiсiн қарауға, сондай-ақ тендер өткiзу шарттары туралы ақпарат алуға құқылы.
      18. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлға мынадай құжаттарды тендер комиссиясына ұсынады:
      1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмi және оның тендер шарттарын орындау мен мүлiктiк жалға беру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттемесi көрсетiлген өтiнiмi;
      2) жарғының және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (заңды тұлғалар үшiн) нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      3) кепiлдiк жарнасын аударғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi;
      4) тендер шарттары жөнiнде желiмделген конвертке салынған өзiнiң ұсыныстары.
      19. Өтiнiм тендерлiк құжаттамада белгiленген талаптар мен шарттарға сәйкес дайындалуы тиiс. Өтiнiмдер қос конвертте қабылданады. Сыртқы конвертте:
      1) өтiнiм;
      2) жарғының және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (заңды тұлғалар үшiн) нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
      3) кепiлдiк жарнасын аударғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi.
      Iшкi конвертте үмiткердiң өзiнiң ұсыныстары болуы тиiс.
      Өтiнiм беру кезiнде iшкi конверт жабық әрi үмiткер оған мөрленген болуы тиiс.
      20. Тендерлiк комиссия өтiнiмдердi қабылдау кезiнде iшкi конверттегiнi қоспағанда, қажеттi құжаттардың түгелдiгiн тексередi. Егер құжаттар осы Нұсқаулықтың 18-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, тендерлiк комиссия өтiнiмдi қабылдау мен тiркеуден бас тартатыны туралы, бас тарту себебiн көрсете отырып, сол күнi үмiткерге жазбаша хабарлайды.
      21. Барлық қажеттi құжаттар болған ретте тендерлiк комиссия қабылдау күнiн және сағатын көрсете отырып, өтiнiмдi тiркеуге мiндеттi. Бұл кезде iшкi конверт ашылмайды.
      22. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлға оның өтiнiмi тiркелгеннен кейiн тендердiң қатысушысына айналады.
      23. Тендерге қатысушы тендерге шығарылған объектi бойынша қосымша мәлiметтердi нақтылауды тегiн алуға құқылы.
      24. Өтiнiмдердi қабылдау мен тiркеу аяқталған күнi тендер комиссиясы өтiнiмдер қабылдау мен тiркеудiң аяқталғаны туралы хаттамаға қол қояды.
      25. Егер өтiнiмдер қабылдау мерзiмiнiң аяқталу сәтiнде бiр ғана өтiнiм тiркелген болса (үшінші және келесi тендерлердi қоспағанда), тендер өтпедi деп танылады.
      26. Тендер өтетiн күнi отырыста тендерлiк комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттердi ашу алдында комиссия олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл тендер комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетiледi.
      Конверттердi ашу және ұсыныстарды жариялау кезiнде тендерге қатысушылардың немесе олардың тиiстi дәрежеде уәкiлеттiк берiлген өкiлдерiнiң қатысуға құқықтары бар.
      27. Тендерлiк комиссия ұсынылып отырған ұсыныстардың тендерлiк құжаттамада көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Егер ұсынылып отырған ұсыныстар тендерлiк құжаттамада көрсетiлген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда көрсетiлген ұсыныстар одан әрi қарауға жатпайды және мұндай өтiнiм берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесiн жоғалтады, бұл тендерлiк комиссия отырысының хаттамасында көрсетiледi.
      28. Тендерлiк комиссия конверттердi ашып, ұсыныстарды жариялағаннан кейiн ұсыныстарды талқылау және бағалау үшiн кеңесуге кетедi.
      Тендерге қатысушылар (олардың өкiлдерi) ұсыныстарды талқылау және бағалау кезiнде қатысуға құқылы емес.
      29. Тендер объектiсiн пайдалану үшiн ең жоғары ақы ұсынған, тендердiң басқа да шарттарын орындау жөнiнде өзiне мiндеттемелер алған және ұсыныстары тендерлiк құжаттамадағы барлық талапқа жауап беретiн тендердiң қатысушысы тендер жеңiмпазы деп танылады.
      30. Тендерлiк комиссияның тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын анықтайтын тұжырымы немесе өзге шешiмi тендерлiк комиссия мүшелерi қол қоятын және жалға берушi бекiтетiн хаттамамен ресiмделедi.
      Тендер жеңiмпазын айқындайтын хаттамаға тендердi жеңiп алушы тұлға да қол қояды.
      31. Тендер нәтижелерi туралы хаттама негiзiнде жеңiмпаз тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда мүлiктiк жалға беру шартын жасасады.
      32. Тендер жеңiмпазы енгiзген кепiлдiк жарнасының сомасы мүлiктiк жалға беру туралы жасалған шарт бойынша тендер объектiсiн пайдаланғаны үшiн ақы есебiне жатқызылады.
      33. Тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда тендер объектiсiн мүлiктiк жалға беру шартын жасасудан жеңiмпаз бас тартқан жағдайда кепiлдiк жарна тендер жеңiмпазына қайтарылмайды.
      34. Тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда тендер объектiсiн мүлiктiк жалға беру шартын жасасудан жеңiмпаз бас тартқан жағдайда, жалға берушi жеңiмпазды тендерге қатысушылардың қалғандарының iшiнен (егер қалғандарының саны кемiнде екеу болса) анықтауға не жаңадан тендер өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      35. Мүлiктiк жалға беру шартына тараптар тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мерзiмде қол қоюлары тиiс.
      36. Сәулет, тарих және мәдениет ескерткiштерiн мүлiктiк жалға беру кезiнде мүлiктiк жалға беру шартына объектiнi сәулет, тарих және мәдениет ескерткiшi ретiнде сақтауға бағытталған ережелер қосымша қосылады.
      37. Шарт ол жасалған кездегi қолданыстағы заңнаға сәйкес жасалады және жасалатын мәмiле Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтiн ерекшелiктерiн көрсете алады.

3. Қорытынды ережелер

      38. Осы Нұсқаулықпен реттелмейтiн мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
      39. Объектіні мүлiктiк жалға беру кезiнде туындайтын даулар тараптардың өзара келiсiмi бойынша немесе заңнамада белгiленген шарттарда қаралады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы «14» қыркүйектегі
№ 558 қаулысына 3 қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы «14» қыркүйектегі
№ 558 қаулысымен бекітілген

Шығыс Қазақстан мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік  объектілерін сенімді басқаруға беру жөніндегі нұсқаулық 

      Осы Нұсқаулық Шығыс Қазақстан мемлекеттік облыстық коммуналдық меншік объектілерін сенімді басқаруға беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдылығын қолдануды нақтылайды.

1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      Сенімгерлік басқарушы Уәкілетті органмен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
      Уәкілетті орган – мемлекеттік облыстық коммуналдық меншікті басқаруға әкімдік уәкілдік берген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      Объект – мүлік кешені немесе облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеменің мүлкі, акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесі, сондай-ақ сенім білдірілген өзге мемлекеттік мүлік;
      2. Объектіні сенімді басқаруды тағайындаушы Уәкілетті орган болып табылады.
      3. Объектіні сенімді басқару шарт бойынша мәміле негізінде туындайды (тағайындалады).
      Объектілерді заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеуге мемлекеттің қатысуымен беруге дейін Объектілер кейін сатып алу құқығынсыз сенімді басқаруға берілуі мүмкін.
      Объектілерді кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімді басқаруға беру тендер өткізбей жүзеге асырылады.
      4. Кейін сатып алу құқығымен немесе рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту үшін Объектіні сенімді басқаруды құрған жағдайда тендерді өткізу міндетті болып табылады.
      5. Объектіні сенімді басқаруға кейін сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз беру туралы шешімді облыстық әкімдік не болмаса Уәкілетті орган қабылдайды.
      Рентабельді емес облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар басқарушылардың сенімді басқаруына тендерлерді өткізудің мерзімдерін көрсете отырып, облыстық әкімдіктің шешімі бойынша беріледі.
      Рентабельді емес кәсіпорындар тізбесін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары Уәкілетті органға енгізеді.
      Басқарушылардың сенімді басқаруына берілетін объектілердің тізбесіне рентабельді емес облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды қосудың негіздемесі мыналар болып табылады:
      1) ағымдық, негізгі және негізгі емес қызметтің рентабельділігі көрсеткіштерінің үш жылдың ішінде төмендеуі және/немесе олардың жоспарланған мөлшерлерін қамтамасыз етпеуі;
      2) қатарынан үш жылдың ішінде таза табыс бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындамауы;
      3) үш жылдан астам мерзімі өткен кредиторлық берешек.
      6. Объектіні сенімді басқарушы сатып алу шарттары Шартта анықталады. Шарт қандай мерзімде және қандай міндеттемелерді орындаған жағдайда Объект сенімді басқарушының меншігіне ауысатынын көздеуі керек.
      Сенімді басқарушыға Объектіні сатуға ол шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі.
      7. Уәкілетте орган сенімді басқаруды құру мақсатында:
      1) тендерді ұйымдастырады (тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, тендерге қатысушыларды тіркейді, ақпараттық хабарларды жариялауды қамтамасыз етеді);
      2) кепілді жарналар қабылдайды;
      3) Объектіні бағалау жөнінде қызметтер көрсетуге шарттарды жасайды;
      4) тендер өткізу барысын бақылауды жүзеге асырады;
      5) тендерге қатысушылармен және бағалаушылармен тендерді өткізу рәсімдерімен байланысты есеп айырысуды жүзеге асырады;
      6) сенімді басқарушымен шарт жасайды.
      8. Жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің акциялары және қатысу үлесі сенімді басқаруға беру Объектісі болып табылатын мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары Уәкілетті органның сұрауы бойынша Объектіні сенімді басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді ол белгілейтін мерзімдерде ұсынады.
      9. Объектіні сенімді басқаруға беру және жеңімпазды анықтау шарттары сенімді басқарушының мыналарға қатысты міндеттемелері бола алады:
      Объектіге инвестициялардың көлемдеріне, түрлеріне және мерзімдеріне;
      өндірістің көлемдеріне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасы;
      белгілі тұтынушыларға өнімді жеткізу;
      баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулер;
      табиғатты қорғау іс-шараларын өткізу;
      бар санын сақтап қалу немесе жаңа жұмыс орындарын құру;
      өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалану;
      Объектінің берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеу;
      Сенімді басқарушы Объектіні кейін сатып алуы;
      мәмілелер жасау және/немесе белгілі уақыт кезеңі ішінде Объектіге қатысты белгілі қызметтерге тиым салу.
      Рентабельді емес кәсіпорындарды сенімді басқаруға беру жөніндегі тендер жеңімпазын анықтаудың негізгі шарттары мыналар болып табылады:
      кәсіпорын қызметінің негізгі түрін сақтау;
      мыналарды:
      табысты арттыру мақсатында қаржылық көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды;
      тиімді шаруашылық қызметі мақсатында өндіріс құрылымын, оның техникалық-технологиялық негізін қайта құру жөніндегі ұсыныстарды;  
      маркетингтік қызметті ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды;
      біршама тиімді шарттарда қажетті қаржы қаражатын тарта отырып, кәсіпорынды қаржылық тұрақтандырудың (оңалтудың) қолданылатын тетіктері жөніндегі ұсыныстарды қамтитын кәсіпорынды қаржылық оңалту бағдарламасының болуы;
      бағдарламаның іске асырылу мерзімі.
      Мемлекеттік басқару органдары кәсіпорындар қызметінің ерекшелігін ескере отырып қосымша өлшемдерді ұсынуы мүмкін.

2. Тендерлік комиссия

      10. Тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін Уәкілетті орган құрамында саны 5 адамнан кем болмайтын тендерлік комиссияны құрады. Тендерлік комиссияның төрағасы мен хатшысы Уәкілетті органның бұйрығымен тағайындалады және Уәкілетті органның өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.
      11. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушы анықтаған объектінің ағымдағы құнын бекітеді;
      2) кепілді жарнаның мөлшерін анықтайды;
      3) тендер шарттарын анықтайды;
      4) тендер өткізеді;
      5) тендер жеңімпазын хабарлайды.
      12. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін қажет құжаттарды дайындайды және тендерлік комиссияның хаттамасын ресімдейді.

      3. Объектіні сенімді басқаруға беруге дайындау

      13. Объектіні сенімді басқаруға беруге дайындауды Уәкілетті орган жүзеге асырады.
      14. Басқару органы Уәкілетті органға акциялары (үлестері) Объект болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы екі жыл ішіндегі қаржы-шаруашылық қызмет туралы толық ақпаратты, Объектіні кейін сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімді басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты ұсынады.
      15. Тендерді өткізуге дайындық кезінде Уәкілетті орган Объект туралы ақпаратты жинауды, бағалауды (Объектіні кейін сатып алу құқығымен сенімді басқаруға берген жағдайда), ақпараттық хабарды уақытылы жариялауды қамтамасыз етеді, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді, жүргізеді, келіп түскен материалдарды тендерлік комиссияның қарауына жібереді.
      16. Тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама мемлекеттік және орыс тілдерінде тендер өткізудің жарияланған күніне дейін 15 күнде мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) тендер шарттары және тендер жеңімпазын анықтау өлшемдері;
      2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасы;
      3) тендердің өткізілу күні, уақыты мен орны;
      4) тендерге қатысуға өтінімі бар конвертті ұсынудың тәсілі, орны мен түпкі мерзімі және тендерге қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі;
      5) кепілдік жарнаның мөлшері және оларды енгізу үшін банк деректемелері (кепілдік жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді).
      17. Тендерлік комиссия тендер шарттарын өзгерткен жағдайда барлық өзгерістер туралы хабарлама тендерді өткізгенге дейін 5 күн бұрын жариялануы тиіс.
      Тендер шарттары өзгергендігі туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан тұлғалар кепілдік жарнаны толық көлемде қайтаруды талап етуге құқылы.
      18. Акциялары (үлестері) сенімді басқару объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін Уәкілетті орган мына құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттар пакетін дайындауы тиіс:
      1) жарғы;
      2) эмиссияны тіркеу туралы куәлік;
      3) есепті кезең алдындағы жылға қосымшалары бар бухгалтерлік баланстар;
      4) статистикалық карточка;
      5) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
      6) мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың тізілімінен үзінді.
      Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін Уәкілетті орган тендерге қатысушы болуға ықылас білдірген үміткерлерге Объект туралы ақпаратқа және осы Нұсқаулыққа қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
      19. Тендерге қатысушылар тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімдерде кепілдік жарна салады. Кепілдік жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертіле алмайды. Кепілдік жарна қатысушы атынан кез-келген басқа жеке немесе заңды тұлғамен салына алады. Кепілдік жарнаны алушы Уәкілетті орган болып табылады.
      20. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір Объект үшін жеке алғашқы баланстық құнының (объектіні кейін сатып алу құқығынсыз сенім білдірілген басқаруға берген жағдайда) 1-15 пайызы шегінде белгіленеді.
      21. Кепілдік жарна қатысушының мына міндеттемелерін қамтамасыз ететін болып табылады:
      1) жеңген жағдайда тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
      2) Уәкілетті органмен шарт жасасу.
      22. Уәкілетті орган кепілдік жарнаны тендерге қатысушыларға осы Нұсқаулықтың 36 тармағынан басқа барлық жағдайларда тендер аяқталған күннен бастап 10 банктік күннен кешіктірмей, ал егер ақша Уәкілетті орган шотына тендер өткізілгеннен кейін түссе, онда олар түскен күннен бастап 10 банктік күн ішінде қайтарады.
      23. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.
      24. Тендерге қатысушы есебінде тіркеу үшін мыналарды:
      1) тендерге қатысушыны тендер жеңімпазы деп хабарлаған жағдайда оның жазбаша міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға өтінімді, ақпараттық хабарламада көрсетілген және тендерге қатысушының өзімен ұсынылған тендер ережелерінде шарт жасасу;
      2) тендер шарттары бойынша жазбаша түрдегі тендермен шарттасылған құжаттаманы қоса беріп, басқа құжаттардан бөлек конвертте жапсырылған ұсыныстарды;
      3) ықтимал тендерге қатысушының банк (банктер) алдында тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан артыққа бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар тұлға және бас бухгалтер қол қойған, осы банктің (банктердің) мөрі бар мерзімі өткен берешектерінің жоқтығы туралы банктің (банктердің) анықтамасын. Егер, ықтимал қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетел банкісінің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады;
      4) соңғы қаржы жылы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен міндетті аудитті өткізу белгіленген заңды тұлғалардың аудиторлық есебін;
      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      6) статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      7) ықтимал тендер қатысушысының біліктілігін растайтын біліктілігі туралы мәліметтер лицензия және/немесе патенттердің, куәліктердің, басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса;
      8) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін. Шетел заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;
      9) ықтимал тендерге қатысушының, төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайды қоспағанда, тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан ұзаққа бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар тұлға қол қойған, осы салық органының мөрі бар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөніндегі мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқтығы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасын;
      10) кепілдік жарнаны Уәкілетті органның депозит шотына аудару туралы төлем тапсырмасының және түбіртектің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын немесе көшірмесін;
      11) ықтимал тендерге қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын сенімхатты (сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда жарамды) ұсынуы қажет.
      25. Жұмыс істеуге жарамды жеке тұлға болып табылатын ықтимал тендерге қатысушы осы Нұсқаулықтың 24-тармағының 1), 2)10)тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады, сондай-ақ:
      1) қатысушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін;
      2) тиісті мемлекеттік орган берген (шарт жасау үшін азаматтық құқық қабілетінің барын растау үшін) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      3) лицензияларының және/немесе патенттердің, куәліктердің, ықтимал тендерге қатысушының біліктілігін растайтын басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса берілген біліктілігі туралы мәліметті.
      26. Өтінімдерді қабылдау және тендерге қатысуға үміт білдірген тұлғаларды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар кезде жүргізіледі.
      27. Тендерге қатысушы:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асыруы тендер шарттары болып табылатын қызметтің сондай түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
      2) сенімді басқаруға шарт жасасу және оны орындау жөнінде тиісті міндеттемелерін орындамаған алдағы тендерлердің жеңімпазы бола алмайды.
      28. Уәкілетті органның тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты тендерді дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде, Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялауға құқығы жоқ.
      29. Ықтимал тендерге қатысушылардың құжаттары тіркеу журналына тіркелгеннен кейін сейфте сақталады. Тендерді өткізу күні тендерге қатысушылардың құжаттары тендерлік комиссияға беріледі.

4. Тендерді өткізу

      30. Тендерлік комиссия жеңімпазды анықтау өлшемдеріне сүйене отырып, тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерін ашады және тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды.
      31. Тендерлік комиссияның шешімі оның мүшелерінің жай дауыстың көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      32. Тендерлік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тендерлік комиссияның мүшелері, оның төрағасы, хатшысы және тендер жеңімпазы қол қояды. Тендерлік комиссияның мүшесі өзінің ерекше ойын жазбаша жазып, оны хаттамаға тіркеуге құқылы, ол туралы соңғысында белгі қойылады. Тендердің нәтижелеріне тендердің қатысушылары шағымдана алады.
      33. Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер жеңімпазы мен Уәкілетті органның тендер шарттары негізінде шарт жасау міндеттемелерін және тендер жеңімпазының ұсыныстарын бекітетін құжат болып табылады.
      34. Тендер нәтижелерін тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде Уәкілетті орган бекітеді.
      Уәкілетті орган жаңа тендерді хабарлауға, сондай-ақ тендерлік комиссияға тендер шарттарын мына жағдайларда өзгертуді ұсынуға құқылы:
      1) тендерге қатысуға өтінімдер жоқ болса;
      2) тендерлік комиссия жеңімпаздың жоқтығы туралы шешімді қабылдаса;
      3) тендер жеңімпазы шартқа қол қоюдан бас тартса.
      35. Тендер мына жағдайларда өтпеген болып танылады, егер:
      1) қатысушылардың ұсыныстарын тендерлік комиссия тендер шарттарын қанағаттандырмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейді деп таныса;
      2) тіркелген қатысушылардың саны екеуден кем болса.
      36. Тендердің жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан жалтарса, өзі салған кепілдік жарнаны жоғалтады.

5. Шарттың орындалуын бақылау

      37. Шарт ережелерінің орындалуын бақылауды Уәкілетті орган жүзеге асырады.
      38. Шарт тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды қарастыру керек.
      39. Бақылауды жүзеге асыру үшін Уәкілетті орган шарттың орындалуымен байланысты құжаттармен танысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәуелсіз кеңесшілерді тарта отырып, Объектіні басқару тиімділігінің жыл сайынғы мониторингін жүргізуге құқылы.
      40. Сенімді басқарушы Уәкілетті органға өзінің қызметтері туралы есепті шартта белгіленген мерзімде ұсынады. Уәкілетті органның талабы бойынша Сенімді басқарушының қызметі туралы есеп өзге жағдайларда да ұсынылуы тиіс.
      41. Шарт ережелерінің орындалуын бақылау Сенімді басқарушының міндеттемелерін орындауы аяқталған мезгілге дейін жүргізіледі.

6. Қорытынды ережелер

      42. Осы Нұсқаулықта көзделген сенімді басқару қатынастарына Заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда осындай қатынастарды, реттейтін азаматтық заңнаманың нормалары қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады