2010 жылы Қазақстан Республикасы және облыс алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы N 5248 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 05 ақпанда № 5-1-132 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2011 жылғы 05 қаңтардағы № Ин-6/751 хатымен

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2011.01.05 № Ин-6/751 хатымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 «2010-2012 жылдарға Өскемен қаласының бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-127 нөмірімен тіркелген) шешімін ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы және облыс алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған Ұлы Отан Соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңестірілгендерге жатпайтын тұлғаларға 2010 жылы коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде өтініш иесі «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Бөлім) келесі құжаттарды ұсынғанда материалдық көмек көрсетілсін:
      1) көмек көрсету туралы өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжат;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      4) Өскемен қаласында тіркелімін растайтын құжат;
      5) Қазақстан Республикасы және облыс алдында ерекше еңбегі бар зейнеткердің мәртебесін растайтын құжат.
      Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
      2. Бөлім әр айдың 15-не дейін мемлекеттік зейнетақы төлеу бойынша орталығының Өскемен қалалық бөлімшесінен Қазақстан Республикасы және облыс алдында ерекше еңбегі бар зейнеткерлердің тізімін (қағаз және электронды тасымалдаушы түрінде) салыстыру үшін сұрайды.
      3. Материалдық көмек қажетті құжаттарды және өтініш берген сәттен бастап тағайындалады, төлем ай сайын ағымдағы айдың 30-на дейін Бөліммен жүргізіледі.
      4. Алушы қайтыс болған жағдайда материалдық көмек қайтыс болған айға қоса төленеді.
      5. Материалдық көмекті өтініш иесі көрсеткен мекенжайға «Қазпочта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жеткізу жүзеге асырылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Өскемен қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                         А. Нұрғазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады