Семей қаласы мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 27/189-ІV "Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 05 наурыздағы № 27/141-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 наурызда № 3214 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 қарашадағы № 46/255-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 20.11.2015 № 46/255-V шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңының 1-бабының 37-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 2-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 Қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Семей қаласы мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 27/189-ІV "Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданы бекіту туралы" шешімге (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 28 мамырда № 5-2-130 тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымдағы "Семей таңы" және "Вести Семей" газетінің № 22 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағидасында:
      5–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдалағаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
      7–тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық (кенттік) әкімдердің анықтамасы;";
      7–тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын;
      тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданың қосымшасы алып тасталынсын.
      2. Семей қаласы мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 13/76-V "Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданы бекіту туралы" 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 27/189-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2013 жылғы 15 ақпанда № 2881 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 ақпандағы № 16 "Семей таңы" және "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,
 
қалалық мәслихаттың хатшысы
Б. Ақжалов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады