"Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданы бекіту туралы" 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 27/189-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 13/76-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде 2013 жылғы 15 ақпанда № 2881 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 05 наурыздағы № 27/141-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 05.03.2014 № 27/141-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      
      «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағиданы бекіту туралы» 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 27/189-ІV шешімге (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 28 мамырда № 5-2-130 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымдағы № 22 «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағидасында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абонементтік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдалағаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.»;
      тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Қағида қосымшасы жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес жазылсын.
      2. Осы шешімнің 1-тармағының 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн сегізінші, он екінші, он үшінші абзацтарын және осы шешімнің 1-тармағының оныншы және он бірінші абзацтарының жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету туралы ережелерін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                             Р. Молдашева
      
      
      Қалалық мәслихат хатшысы                           Ж. Елубаев

      2013 жылғы 30 қаңтардағы
      № 13/76 - V шешіммен бекітілген
      Тұрғын үй көмегін көрсету
      жөніндегі Қағидаға қосымша

      «Семей қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ бастығы
      _______________________________
аз. ____________________________
мекен-жайы ____________________
есепшот № _____________________
Банк атауы _____________________
Телефон _______________________

      ӨТІНІШ

      Маған (менің отбасыма) 20__ ж. ___ тоқсанына тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.
      Отбасы туралы мәліметтер:


Отбасы мүшелерінің
Т.А.Ә.

Қызмет түрі:
зейнеткер,
жұмыссыз,
оқушы және т.б.

Табыстар
сомасы

Өзге
мәлімделген
табыстар

1





2





3





4





5






      Өтінішке төмендегі құжаттарды қоса ұсынамын:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының (азаматтың) табыстарын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      7) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      8) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот;

9) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары:

айлар

қызметтік жазбалар үшін

1

2

3



ыстық және суық сумен қамтамасыз ету









канализация





газбен жабдықтау





электр қуатымен жабдықтау





жылумен жабдықтау





қоқыс шығару





жеделсатыға қызмет көрсету






      Тұрғын үйдің жалпы ауданы ______ бөлмелер саны ________
      Қосымша мәліметтер_____________________________________________
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________

      Отбасының құрамы және мүлкі туралы берілген мәліметтер толық және нақты екенін растаймын.
      Толық және шынайы емес мәліметтерді ұсыну жоғарылатылған немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеп соққан жағдайда тұрғын үй көмегі тоқтатылады, алынған сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен кері қайтаруға жатады.
      
      
      Құжаттар «_____» ________________ 20____ жылы қабылданды.

Маманның тегі, аты, әкесінің аты, қолы _____________________

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, қолы _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады