Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 23 тамыздағы N 924 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 қыркүйекте N 5-2-133 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы N 1878 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2012.12.29 N 1878 қаулысымен.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 19 тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңының 26-бабы 2-тармағына, «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 651 бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың Қағидасы бекітілсін.
      2. Қабылданған Қағидаға сәйкес барлық жалпы білім беретін мекемелер жарғыларына өзгертістер енгізсін.
      3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Мүсәпірбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбейік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі                      М. Айнабеков

Қала әкімдігінің    
2010 жылғы 24 тамыздағы 
№ 924 қаулысымен бекітілген

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына қабылдау Қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 19 тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi № 319-ІІІ Заңының 26 бабы 2 тармағына, «Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдаудың үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 651 бұйрығына сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - Ұйым) қабылдаудың тәртібін айқындайды.
      2. Ұйым қызметін Конституциясыназаңдарына, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін және олардың жарғысының негізінде әзірленген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

2. Бастауыш білім беру ұйымына қабылдау тәртібі

      3. Жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының бірінші сыныптарына даярлық деңгейіне қарамастан ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 6 жасқа толған балалар қабылданады.
      Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына баратын балалардың ата - аналарынан (заңды өкілдерінен) өтініштер қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін жүргізіледі.
      Бірінші сыныпқа баратын балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет: ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) өтініш, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі; деңсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт); тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат; 3х4 фото – 2 дана.
      4. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламарын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде басшылар оқуға келушілерді, олардың ата-аналарын (өзге де заңды өкілдерін) қабылдау тәртібімен, жарғымен және білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.
      5. Қызмет көрсететін аумақта тұратын балаларға жеке меншік білім беру ұйымдарынан басқа тиісті білім беру ұйымына қабылдаудан бас тартылмау керек.
      6. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.
      Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған, мектеп алды даярлығынан өтпеген балалар үшін оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстары ұйымдастырылады.
      7. Білім алушылар қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта (шағын ауданда) тұратын 6 жастағы балалардың саны туралы статистикалық деректердің, денсаулық жағдайының негізінде бірінші сыныптар желісін қалыптастырады.
      8. Сыныптарды даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді.
      Сыныптағы шекті сыйымдылық:
      1) ауылдық жерлерде 22 оқушыдан;
      2) қалалық жерлерде 25 оқушыдан артық болмауы керек.

3. Негізгі орта білім беру ұйымына қабылдау тәртібі

      9. Бастауыш білім беру деңгейін аяқтаған, негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бесінші-тоғызыншы сыныптарына қабылдауды педагог қызметкерлер жүзеге асырады және ата-аналардың немесе өзге заңды өкілдердің мүдделерін ескере отырып, берілген ұйымға бекітілген аумақта тұратын барлық азаматтардың қол жетімділігін қамтамасыз етеді.
      10. Ақылы білім беру қызметін іске асыратын жеке меншік ұйымдарда негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бесінші-тоғызыншы сыныптарына қабылдау білім беру үдерісінің субъектілері арасындағы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен шарттармен реттеледі.
      11. Орнын толтыра оқытатын бесінші - тоғызыншы сыныптарға қабылдау, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы оқу-тәрбие үдерісіне қосу, олардың білім алуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету білім бөлімнің келісімі бойынша ата-аналардың (өзге заңды өкілдердің) келісімі кезіндегі бар көрсеткіштер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

4. Жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарына
қабылдау тәртібі

      12. Кәсiптiк мектептiң оныншы-он бiрiншi сыныбына қабылдау бiлiм алушының жеке өтiнiшi немесе ата-анасының (өзге де заңды өкiлдiң) өтiнiшi негiзiнде оқытудың бейiнiн таңдау кезiнде бiлiм алушының мүддесiн, бейiмi мен қабiлетiн және бiлiм алушының тұратын аумағын ескерместен негiзгi орта бiлiм деңгейi туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжатының бар екендiгiн ескере отырып жүзеге асырылады.
      Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім беру деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты бергеннен кейін басталады.
      13. Гимназияның, лицейдiң оныншы-он бiрiншi сыныбына қабылдау Қазақстан Республикасының лицейлерiнiң және гимназияларының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге, гимназияның жарғысына сәйкес бiлiм алушының жеке өтiнiшi немесе ата-анасының (өзге де заңды өкiлдiң) өтiнiшi негiзiнде және бiлiм алушының тұратын аумағын ескерместен негiзгi орта бiлiм деңгейi туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаты бар болғанда жүзеге асырылады.
      14. Білім алушыларға, ата-аналарға (өзге де заңды өкілдерге) қабылдау ережесімен, білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензиямен, жалпы орта білім беретін білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымына қабылдау тәртібімен, білім беру ұйымының қызметін реттейтін басқа да құжаттармен танысу мүмкіндігі ұсынылуы керек.
      15. Ақылы білім беру қызметін іске асыратын жеке меншік ұйымдарда білім алушылардың, олардың ата-аналарының (өзгеде заңды өкілдерінің) өзара қарым-қатынастары оқу мерзімін, оқуға төленетін төлемнің мөлшерін, өзге талаптарды айқындайтын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен шарттармен реттеледі.
      16. Жалпы орта білім беретін білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының оныншы (он бірінші) сыныбына қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім беру ұйымын бітіруші және (немесе) оның ата-аналары (өзге заңды өкілдері) бiлiм беру саласындағы жергiлiктi атқарушы органға шағымдануына болады.

      Аппарат басшысы                            А. Әбілқасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады