2010 жылдың 23 сәуірдегі № 2166 "2010 жылдың сәуір-маусым және қазан- желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 қазандағы N 157 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 03 қарашада N 5-6-120 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 қарашадағы N 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010.11.12 N 223 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылдың 23 сәуірдегі № 2166 «2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-6-107 2010 жылдың 12 мамырында тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2010 жылғы 29 мамырдағы № 26 (9930) санында жарияланған) қаулысының 2 қосымшасына келесі өзгерту енгізілсін:
      Әскери тіркеуге және әскерге шақыру комиссиясының штаттан тыс құрамына аудандық медициналық бірлестігінің терапевті Жұмабаева Гүлнәр Мұсақызының орнына Исабеков Ерік Мақсұтұлы аудандық медициналық бірлестігінің терапевті болып енгізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сұлтановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз ауданының әкімі             Ә. Мұхтарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады