2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 2166 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда N 5-6-107 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Аягөз ауданының әділет басқармасының 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 04-05/263 хаты

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Аягөз ауданының әділет басқармасының 2011.01.20 № 04-05/263 хаты.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Аягөз ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі (М. Жақашев) (келісімі бойынша) 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді және осы қаулыдан туындайтын басқа да іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзу жөнiнде аудандық комиссияның кұрамы бекiтiлсiн (қосымша 1).
      4. «Аудандық медициналық бiрлестiгi» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бастығы (Ж. Жұмаханов) (келiсiмі бойынша):
      1) медициналық куәләндiруді өткiзу үшiн қажеттi мөлшерде маман-дәрiгерлер мен орта буындағы медициналық қызметкерлердi бөлу ұсынылсын;
      2) жатып емделетiн орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерiнде тiркеу жөнiндегi комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшiн бос орындар ұстау ұсынылсын;
      3) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес қажетті мөлшерде медициналық құралдармен, мүлiкпен қамтамасыз ету ұсынылсын;
      4) аудандық медициналық бірлестігінің дәрiгер мамандарының әскери тiркеуге және әскерге шақыру комиссиясының штаттан тыс құрамын бекiту ұсынылсын (қосымша 2).
      5. Қала, кенттік және барлық ауылдық округтері әкiмдерi 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскерге шақыруға тиiстi азаматтарды қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне шақырылғандығы туралы хабардар ету және олардың дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
      6. Аягөз аудандық, қалалық iшкi iстер бөлiмiнің бастығы (Ш. Құнанбаев) (келiсiм бойынша):
      1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттерi мен басқадай қылмыстары үшiн тергеуде жүрген, әскерге шақыруға тиiстi азаматтар туралы мәлiметтерді Аягөз қалалық қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiккен бөлiміне хабарлау ұсынылсын;
      2) Қазақстан Республикасының «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендердi iздестiрудi және ұстауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру ұсынылсын.
      7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі (Б. Мұстафаев) мүгедек деп танылған азаматтар туралы мәлiмет берсiн.
      8. Аудандық iшкi саясат бөлiмi бастығының міндетін уақытша атқарушы (Р. Қайырбаева) әскер қатарына шақыру кезiндегi жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңiнен насихаттау тапсырылсын.
      9. Аудандық қаржы бөлiмiне (А. Омаров) Қазақстан Республикасының «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес аудандық әскерге шақыру комиссиясының жұмысын жүйелi түрде ұйымдастыру, тасымалдау және әртүрлi қажеттi шығындарды қаржыландыру мақсатында жергiлiктi бюджеттен қаржы қарастыру жүктелсiн.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сұлтановқа жүктелсін.
      11. Осы қаулы әдiлет органдарында тiркелiп, ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледi.


      Аягөз ауданының әкiмi                      Н. Әзiмбаев
 

      Келісілді:
      Аягөз ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы       М. Жақашев

      Аягөз аудандық, қалалық iшкi iстер
      бөлiмiнің бастығы                          Ш. Құнанбаев

      «Аудандық медициналық бiрлестiгi»
      КМҚК бастығы                               Ж. Жұмаханов
 

2010 жылғы 23 сәуірдегі № 2166
Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң   
қаулысына 1 қосымша     

2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан
айларында мерзiмдi әскери қызметке шақыру жөнiндегi
аудандық комиссияның құрамы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010.11.12 № 223 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


1.

Мұрат Асқарұлы Жақашев

– қалалық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы, комиссия төрағасы (келiсiмі бойынша)


2.

Төлеухан Бозтаев

– аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелерi:


3.

Мұхтар Омарханұлы Жакупов

– аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығының орынбасары (келiсiмі бойынша)


4.

Ринат Кабдулвахипұлы Тайбуров

– аудандық медициналық бірлестігінің дәрiгерi (келiсiмі бойынша)


5.

Сәуле Төлеужанқызы Жақсыбаева

– аудандық медициналық бірлестігінің медбикесi (келiсiмі бойынша)

2010 жылғы 23 сәуірдегі № 2166
Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң  
қаулысына 2 қосымша    

Аудандық медициналық бірлестігінің дәрiгер мамандарының
әскери тiркеуге және әскерге шақыру комиссиясының штаттан
тыс құрамы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгертулер енгізілді - Аягөз ауданы әкімдігінің 2010.10.11 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2010.11.12 № 223 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

1

Тайбуров Ринат Кабдулвахипұлы

– аудандық медициналық бірлестігінің хирургi

2

Жұмабаева Гүлнәр Мұсақызы

– аудандық медициналық бірлестігінің терапевті

3

Еникеева Нәжия Ысқаққызы

– аудандық медициналық бірлестігінің фтизиаторы

4

Құдайбергенова Мағиза Рымжанқызы

– аудандық медициналық бірлестігінің психиаторы, наркологы

5

Тілесбаев Бақытжан Өнербайұлы

– аудандық медициналық бірлестігінің невропатологы

6

Бабақбаев Серiк Сағатбайұлы

– аудандық медициналық бірлестігінің отоларингологы

7

Нұржанова Анар Жұматайқызы

– аудандық медициналық бірлестігінің окулистi

8

Қилыбаева Еркеш Садуалиқызы

– аудандық медициналық бірлестігінің дерматовенерологы

9

Құсаинов Шалқар Егiнбайұлы

- аудандық медициналық бірлестігінің тiс дәрiгерi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады