Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Аягөз ауданының әділет басқармасының 2011.01.20 № 04-05/263 хаты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылдың 23 сәуірдегі № 2166 «2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-6-107 2010 жылдың 12 мамырында тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2010 жылғы 29 мамырдағы № 26 (9930) санында жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
осы қаулының 1 қосымшасында көрсетілген аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Нұрлан Кәрібайұлы Сұлтановтың орнына Төлеухан Бозтаев аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары болып;
осы қаулының 2 қосымшасында көрсетілген аудандық медициналық бірлестігінің терапевті Жұмабаева Гүлнәр Мұсақызы комиссия мүшесінің орнына Исабеков Ерік Мақсұтұлы аудандық медициналық бірлестігінің бас дәрігері комиссияның мүшесі болып өзгертілсін (келісім бойынша).
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2010 жылдың 11 қазандағы № 157 «2010 жылдың 23 сәуірдегі № 2166 «2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына өзгерту енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-6-120 2010 жылдың 03 қарашасында тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2010 жылғы 6 қарашадағы № 59 (9963) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Бозтаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз ауданының әкімі Ә. Мұхтарханов
Келісілді:
Аягөз аудандық медициналық
бірлестігінің бас дәрігері Е. Исабеков