"Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау мен төлеу туралы Нұсқаулық бекіту туралы" 2009 жылғы 16 сәуірдегі N 131 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы N 50 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 наурызда N 5-7-77 тіркелді. Қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Бесқарағай ауданының Әділет басқармасының 2011 жылғы 09 маусымдағы № 1589 хатымен

      Ескерту. Қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Бесқарағай ауданының Әділет басқармасының 2011.06.09 № 1589 хатымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 16-бабына сәйкес Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау мен төлеу туралы Нұсқауды бекіту туралы" 2009 жылғы 16 сәуірдегі № 131 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-7-63 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 9 мамырда "Бесқарағай тынысы" аудандық газетінде 18 нөмірде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      8-тармақ "ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету мөлшері "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-IV Заңымен, "Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474 Заңымен бекітілген ең төменгі күнкөріс мөлшерін құрайды" деген жаңа жолмен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. ЖЕКСЕМБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады