Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2010.12.15 N 843 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 13)-тармақшасы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес, жұмысқа орналасу кезінде қиыншылықтарға кездесетін, халықтың әртүрлі топтарын қолдау үшін және мемлекеттік кепілдендіру жүйесін кеңейту мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 536 «2010 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 12 қаңтардағы № 5-8-100 санымен тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 3 (6323) санында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
1) қосымша № 1 «Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты» келесі мазмұнында толықтырылсын:
«Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады».
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Қасымов
2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 536 "2010 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Күшін жойғанШығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы N 564 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 ақпанда N 5-8-105 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 843 қаулысымен
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз