Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2010.12.15 N 843 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 13)-тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 және 20-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі негізінде, жұмысқа орналасу кезінде қиыншылықтарға кездесетін, халықтың әртүрлі топтарын қолдау үшін және мемлекеттік кепілдендіру жүйесін кеңейту мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдар тізбесі, көлемдері, қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары бекітілсін (1 қосымша).
2. Нысаналы топқа жататын тұлғалардың тізбесі бекітілсін (2 қосымша).
3. Ақылы қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін (3 қосымша).
4. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздардың жалақысы, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2010 жылға арналып бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес мөлшерде жүргізілсін.
5. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ф.Ф. Бектембаева), заңнамалық талаптарға сәйкес ұйымдар мен мекемелерде, кәсіпорындарда ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі міндетін атқарушысы А. Нұргожин
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 536
қаулысына 1-ші қосымша
Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдар тізбесі, қоғамдық
жұмыстардың көлемі, қаржыландыру көздері және нақты
жағдайлары
№ |
Жұмыс берушінің атауы |
Жұмыс көлемі |
Сұраныс |
Ұсыныс |
Қаржыландыру |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Бородулиха ауданы әкімдігінің аппараты, селолық және кенттік округінің әкімдерінің аппараттары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жеке бөлімдер |
үй-үйді аралау - 10214 аула, шаруашылық кітаптарын толтыру, 26 көшелерді тазалау – 26 км парктерді, ескерткіштер аумағын тазалау – 448 ш.м. малдарды ветеринарлық залалсыздандыру – 5571 бас, пошта тасу – айына 3736 газет, журналдар, ғимараттарды жөндеу кеңсені жөндеу, құжаттарды ресімдеуге көмек |
250 |
250 |
жергілікті |
2 |
Аудандық білім беру бөлімі, аудан мектептері, № 23 кәсіптік лицейі, басқа да білім беретін мекемелер |
мектеп ғимараттарын жөндеу, 70 балаларды тасымалдау, мектеп оқушыларының ыстық тамақтарын ұйымдастыру |
10 |
10 |
жергілікті |
3 |
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі |
1500 құжаттарды ресімдеуге көмек |
1 |
1 |
жергілікті |
4 |
«Мәдениет үйі» ККМК |
мәдени іс шаралар өткізу, Наурыз мерекесін, Жеңіс күнін мерекелеу |
1 |
1 |
жергілікті |
5 |
«ШҚО Бородулиха ауданының прокуратурасы» ММ |
154 ш.м. ғимаратқа от жағу |
2 |
2 |
жергілікті |
6 |
«ШҚО Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 150 іс. |
2 |
2 |
жергілікті |
7 |
Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі |
көшелерге кезекшілік ету, құқық бұзушылықты және объектілерді күзету |
3 |
3 |
жергілікті |
8 |
«ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталығы» РМК |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – 500 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
9 |
«ШҚО ӘД Бородулиха ауданының Әділет басқармасы» ММ |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 815. |
1 |
1 |
жергілікті |
10 |
Бородулиха ауылдық Қарбай атындағы мешіті, басқа діни ұйымдар |
375 ш.м. - ғимаратқа от жағу, үй-жайларды жөндеу |
1 |
1 |
жергілікті |
11 |
«ҚР АШМ АК МИК Бородулиха ауданының аумақтық инспекциясы» ММ |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 771 бірлік |
1 |
1 |
жергілікті |
12 |
Бородулиха аудандық почта байланысы торабы |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 1200 |
1 |
1 |
жергілікті |
13 |
«Рассвет» ПИК |
86 ш.м.- от жағатын ошақтарды, жөндеу |
2 |
2 |
жергілікті |
14 |
«ШҚО Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету |
1 |
1 |
жергілікті |
15 |
«Бородулиха аудандық мәслихат аппараты» ММ |
169 ш.м. - үй-жайларды жөндеу. |
1 |
1 |
жергілікті |
16 |
Денсаулық сақтау мекемелері, ұйымдары (КМҚМ Бородулиха ауданының МБ) |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету, үй-жайларды жөндеу |
2 |
2 |
жергілікті |
17 |
Бородулиха аудандық соты |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 500 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
18 |
Бородулиха аудандық қылмыстық атқару инспекциясы |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету - айына 80 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
19 |
Мемлекеттік еңбек инспекторы |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 50 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
20 |
Бородулиха аумақтық сот орындаушылар учаскесі |
60 ш.м. - үй-жайларды жинау |
1 |
1 |
жергілікті |
21 |
«Бородулиха балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» ММ |
ғимаратты жөндеу, 648 ш.м. - аумақты көркейту |
1 |
1 |
жергілікті |
22 |
«ҚР АШМ Жетісу аймақтық шаруашылық дақылдарының сортын сынау инспектурасы» ММ |
мерзімдік ауыл шаруашылық жұмыстары – 20 га. |
3 |
3 |
жергілікті |
23 |
«Бородулиха ауданының психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті» ММ |
320 ш.м. – үй-жайларды жөндеу |
1 |
1 |
жергілікті |
24 |
Бородулиха ауданы бойынша салық басқармасы |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – 700 іс |
1 |
1 |
жергілікті |
25 |
«Бала бақшасы» КМКК |
500 ш.м. - үй-жайларды жөндеу, |
1 |
1 |
жергілікті |
26 |
Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының Бородулиха аудандық бөлімшесі |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – айына 1400 іс |
3 |
3 |
жергілікті |
27 |
«Новая Шульба облыстық балалар үйі» ММ |
300 ш.м. – үй-жайды жөндеу, 2 га - аумақты көркейту |
1 |
1 |
жергілікті |
28 |
«Бородулиха қарттары мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме» ММ |
1000 ш.м. - үй-жайларды жөндеу, 1500 ш.м. аумақты көркейту |
1 |
1 |
жергілікті |
29 |
ШҚО Бородулиха ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі ММ |
425 ш.м. – үй-жайды жөндеу |
1 |
1 |
жергілікті |
30 |
«Коммуналдық шаруашылық» МККК |
Елді мекендердің аумағын жинауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына көмек беру - 2000 ш.м. |
1 |
1 |
жергілікті |
31 |
Бородулиха аудандық статистика бөлімі |
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету – 1500 іс |
2 |
2 |
жергілікті |
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
Жұмыс аптасының ұзақтығы бес күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс бір сағат. Жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, әлеуметтік ақша аударулар, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
Ұйымдар өз қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыра алады.
Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2010.01.28 N 564 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Аудан әкімі аппараты басшысының
міндетін атқарушы С. Лазурин
Бородулиха ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 536
«2010 жылға арналған ақы төленетін
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
туралы» қаулысына 2–ші қосымша
Мақсатты топтардың тізбесі.
1. Жағдайы нашар отбасылары;
2. 21 жасқа дейінгі жастар;
3. балалар үйінің тәрбиеленушілері, балалар және ата–аналарының қарауынсыз қалған 23 жасқа дейінгі жетім балалар;
4. кәмелетке жасы толмаған балаларды тәрбиелеуші көп балалы, жалғыз басты ата-аналар;
5. Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген тәртіпте, үнемі күтуді, көмекті немесе бақылауды қажет ететін адамдарды ұстап отырған азаматтар;
6. зейнетке шығу алдындағы адамдар (жасы бойынша зейнетке шығуға екі жылға дейінгі);
7. 50 жастан асқан әйел адамдар, 55 жастан асқан ер адамдар;
8. мүгедектер;
9. Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарынан босаған тұлғалар;
10. бас бостандығынан айрылған немесе күштеп емдеуден орындарынан босатылған тұлғалар;
11. бостандығынан айрылмай жазалау шараларына кесілгендер;
12. оралмандар;
13. мектептің, бастауыш кәсіптік, орта және жоғары оқу орындарының түлектері;
14. нашақорға тәуелді тұлғалар, ВИЧ ауруын жұқтырған азаматтар;
15. ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (1 жылдан артық);
16. отбасында бір де бір жұмысшы жоқ тұлғалар;
17. бұрын жұмыс істемеген тұлғалар
18. штаттың немесе санының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылғандар;
19. өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер;
20. еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
21. жазғы каникул уақытындағы мектеп оқушылары және студенттер.
Аудан әкімі аппараты басшысының
міндетін атқарушы С. Лазурин
Бородулиха ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 536
«2010 жылға арналған ақы төленетін
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
туралы» қаулысына 3–ші қосымша
Төлемді қоғамдық жұмыс түрлерінің тізбесі
1. Елді мекендердің, өндіріс кәсіпорындарының аумағын жинауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына көмек беру.
2. Жолдарды салу және жөндеу, су құбырларын, газ құбырларын, құбыр коммуникацияларын салу.
3. Суландыру жұмыстарын жүргізу.
4. Әлеуметтік-мәдени тұрғыдағы нысандарды, тұрғын үйлерді жөндеу, қайта жөндеу құрылыстарына қатысу.
5. Тарихи–сәулеттік ескерткіштерді, кешендерді, қорық орындарын қалпына келтіру.
6. Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру).
7. Мәдени тұрғыдағы ауқымды іс–шараларды ұйымдастыруға көмек беру (спорт жарыстары, фестивальдар, мейрамдар шығармашылығы көріністері және т.б.).
8. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқанды (халықты қайта есептеу, әлеуметтік сұрастыру, шаруашылық кітаптарын түгендеу, қорғаныс істері жөніндегі бөліміне, салық органдарына көмек) өткізуге көмек.
9. Малдың жем-шөбін дайындау, құстарды өсіру, көкөністер мен дәнді дақылдарды өсіру бойынша қысқа мерзімдік алаңдар, маусымдық және ауыл шаруашылығын зиянкестерімен күрес.
10. Басқа да жұмыс түрлері:
- құжаттарды рәсімдеуге көмек;
- баспасөзге жазылу жұмыстарына және хат-хабар жеткізуге көмек көрсету;
- балалардың және жасөспірімдердің жазғы бос уақыттарын, ыстық тамақтарын ұйымдастыру;
- ветеринарлық санитарлық–профилактикалық іс-шараларға қатысу;
- ауру және қарт адамдарды күту, үйге келіп көмек беру;
- құқық бұзушылықты және нысандарды күзету, оның ішінде саяжайларды,су арықтарын және т.б.;
- мерзімді–жылыту жұмыстары;
- үй-жайларды жинау;
- жиылып қалған суды шығару, көпірлерді тазалау;
- мүмкіншілігі шектелген балалардың демалысын ұйымдастыруға көмек;
- балаларды тасымалдау;
- аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету;
- суреттік-жабдықтау жұмыстары;
Аудан әкімі аппараты басшысының
міндетін атқарушы С. Лазурин