Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011.12.23 N 228 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 және 20-баптары, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 2-бабы негізінде, жұмысқа орналасу кезінде қиыншылық көріп отырған халықтың әртүрлі топтарын қолдау және мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың көлемдері, қаржыландыру көздері және қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары бекітілсін (1 қосымша).
2. Нысаналы топқа жататын тұлғалардың тізбесі бекітілсін (2 қосымша).
3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін (3 қосымша).
4. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздардың жалақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша төлеммен 2011 жылға арналып бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес мөлшерде жүргізілсін.
5. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ф. Ф. Бектембаева), заңнамалық талаптарға сәйкес ауданның ұйымдары мен мекемелерінде, кәсіпорындарында ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды өткізуді қамтамасыз етсін.
6. «2010 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 536 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 12 қаңтарда N 5-8-100 тіркелді, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 3 жарияланған), «2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 536 «2010 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы N 564 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 10 ақпанда N 5-8-105 тіркелді, аудандық «Пульс района» газетінің 2010 жылғы 12 ақпандағы № 9 (6329) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
8. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Қасымов
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 843
"2011 жылға арналған ақы төленетін
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
туралы" қаулысына 1-қосымша
Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың көлемі, қаржыландыру көздері және нақты шарттары
№ |
Жұмыс берушінің атауы |
Жұмыстардың көлемі |
Сұраныс (жарияланған қажеттілік, орындар саны) |
Ұсыныс (бекітілді, орындар саны) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Бородулиха ауданы әкімінің аппараты, ауданның ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын дербес бөлімдер |
үй-үйді аралау - 10214 аула, шаруашылық кітаптарын толтыру, көшелерді тазалау – 26 ш. парктерді, скверлер аумағын тазалау – 448 ш.м. малдарды ветеринарлық залалсыздандыру – 5571 бас, пошта тасу – 3736 газет және журналдар, үй-жайларды жөндеу, құжаттарды ресімдеуге көмек |
344 |
344 |
жергілікті бюджет |
2 |
Аудандық білім бөлімі, аудан мектептері, № 23 кәсіптік лицейі, басқа да білім беретін мекемелер |
ғимараттарды жөндеу, 70 балаларды тасымалдау, мектеп оқушыларының ыстық тамақтарын ұйымдастыру |
16 |
16 |
жергілікті бюджет |
3 |
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі |
1500 құжаттарды ресімдеуге көмек |
1 |
1 |
жергілікті бюджет |
4 |
«Мәдениет үйі» ККМК |
Мәдени іс шаралар өткізу, Наурыз мейрамын, Жеңіс күнін мерекелеу |
10 |
10 |
жергілікті бюджет |
5 |
Бородулиха ауданының прокуратурасы |
154 ш.м. ғимаратқа от жағу |
1 |
1 |
жергілікті бюджет |
6 |
Бородулиха ауданының аудандық мемлекеттік мұрағаты |
құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 150 іс. |
4 |
4 |
жергілікті бюджет |
7 |
Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі |
көшелерге кезекшілік ету, құқық бұзушылықты және объектілерді күзету |
12 |
12 |
жергілікті бюджет |
8 |
«ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталығы» РМҚК Бородулиха филиалы |
құжаттарды ресімдеуге көмек – 500 іс |
3 |
3 |
жергілікті бюджет |
9 |
Бородулиха ауданының Әділет басқармасы |
құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 815. |
5 |
5 |
жергілікті бюджет |
10 |
Бородулиха ауылдық Қарбай атындағы мешіті, басқа да діни ұйымдар |
375 ш.м. - ғимаратқа от жағу, үй-жайларды жөндеу |
2 |
2 |
жергілікті бюджет |
11 |
ҚР АШМ АК МИК Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы |
құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 771 бірлік |
11 |
5 |
жергілікті бюджет |
12 |
Бородулиха аудандық почта байланысының торабы |
1200 құжатты ресімдеуге көмек |
1 |
1 |
жергілікті бюджет |
13 |
«Рассвет» ПИК |
86 ш.м.- қазандықтарды, от жағатын жерлерді жөндеу |
2 |
2 |
жергілікті бюджет |
14 |
ШҚО Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі |
құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 300 бірлік |
1 |
1 |
жергілікті бюджет |
15 |
Бородулиха аудандық мәслихаттың аппараты |
169 ш.м. - үй-жайларды жөндеу |
1 |
1 |
жергілікті бюджет |
16 |
Денсаулық сақтау мекемелері, ұйымдары («Бородулиха ауданының МБ» КМҚК) |
485 ш.м. аумақтарды көркейту |
1 |
1 |
жергілікті бюджет |
17 |
Бородулиха аудандық соты |
құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 500 іс |
1 |
1 |
жергілікті бюджет |
18 |
Бородулиха аудандық қылмыстық атқару инспекциясы ШҚО бойынша ҚАЖД |
құжаттарды ресімдеуге көмек - айына 80 іс |
1 |
1 |
жергілікті бюджет |
19 |
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Бородулиха бөлімшесі |
құжаттарды ресімдеуге көмек – айына 1400 іс |
5 |
5 |
жергілікті бюджет |
20 |
Бородулиха аумақтық сот орындаушыларының бөлімі |
60 ш.м. - үй-жайларды жинау |
1 |
1 |
жергілікті бюджет |
21 |
Бородулиха балалар–жасөспірімдер спорт мектебі |
ғимаратты жөндеу, аумақты көркейту - 648 ш.м. |
1 |
1 |
жергілікті бюджет |
22 |
Жетісу аймақтық шаруашылық дақылдарының сортын сынау инспектурасы |
маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстары – 20 га. |
13 |
13 |
жергілікті бюджет, жұмыс беруші |
23 |
Бородулиха ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті |
үй-жайларды жөндеу - 320 ш.м. |
1 |
1 |
жергілікті бюджет |
24 |
«Бала-бақша» КМҚК |
үй-жайларды жөндеу - 500 ш.м. |
2 |
2 |
жергілікті бюджет |
25 |
Бородулиха аудандық қазынашылық басқармасы |
1500 құжатты ресімдеуге көмек |
2 |
2 |
жергілікті бюджет |
26 |
«Бородулиха қарттары мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық - әлеуметтік мекеме» ММ |
үй-жайларды жөндеу - 1000 ш.м., аумақты көркейту - 1500 ш.м. |
1 |
1 |
жергілікті бюджет |
27 |
Бородулиха ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі |
үй-жайды жөндеу - 425 ш.м. |
1 |
1 |
жергілікті бюджет |
28 |
«Коммуналдық шаруашылық» МККК |
Елді мекендердің аумағын жинауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына көмек – 2000 ш.м. |
2 |
2 |
жергілікті бюджет |
29 |
Бородулиха аудандық статистика бөлімі |
құжаттарды ресімдеуге көмек – 1500 іс |
2 |
2 |
жергілікті бюджет |
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
Жұмыс аптасының ұзақтығы бес күнді құрайды, екі демалыс күні беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс бір сағат, жұмыс жағдайларын қорытындылай келе, жұмыс уақытын ұйымдастырудың тиімді түрлері қолданылады.
Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.
Жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген нақты жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен еңбекақы төлеу жүзеге асырылады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулығы, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, әлеуметтік аударымдар, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеу, денсаулыққа зиян келтіру немесе мертіктіру салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Аудан әкімі аппараты басшысының м.а. Е. Бексултанов
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 843
«2011 жылға арналған ақы төленетін
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
қаулысына 2–қосымша
Нысаналы топтардың тізбесі:
Аз қамтылғандар;
жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата–анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуын екі жыл қалған);
50 жастан асқан әйел адамдар, 55 жастан асқан ер адамдар;
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштері қатарынан босаған тұлғалар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалау шараларына кесілгендер;
оралмандар;
мектептің, бастауыш, орта, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
нашақорлыққа тәуелді тұлғалар, АИТВ ауруын жұқтырған азаматтар, туберкулез ауруынан жазылғандар;
ұзақ уақыт (1 жылдан артық) жұмыс істемеген тұлғалар;
отбасында бір де бір жұмысшы жоқ тұлғалар;
бұрын жұмыс істемеген тұлғалар;
жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтауына, қызметкерлер саны немесе штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы тұлғалар;
жазғы демалыс уақытындағы мектеп оқушылары және студенттер
Аудан әкімі аппараты басшысының м.а. Е. Бексултанов
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 843
«2011 жылға арналған ақы төленетін
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
туралы» қаулысына 3–қосымша
Ақы төленетін қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі
1. Елді мекендердің, өндірістік кәсіпорындардың аумағын жинауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының ұйымдарына көмек.
2. Жолдарды салу және жөндеу, су құбырларын, газ құбырларын, кәріз коммуникацияларын салу.
3. Мелиоративтік жұмыстарды жүргізу.
4. Әлеуметтік-мәдени, діни, әкімшілік нысандарды, тұрғын үйлерді жөндеу, қайта құру құрылыстарына қатысу.
5. Тарихи–сәулеттік ескерткіштерді, кешендерді, қорық орындарын қалпына келтіру.
6. Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру)
7. Мәдени тұрғыдағы ауқымды іс – шараларды ұйымдастыруға көмек (спорт жарыстары, фестивальдар, мейрамдар, халық шығармашылығын қарау және т.б.)
8. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқанды (тұрғындардың санағын, әлеуметтік сұрастыру, шаруашылық кітаптарын түгендеуге, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмысына, салық органдарына көмек) өткізуге көмек.
9. Малдың жем-шөбін дайындау, құстарды өсіру, көкөністер мен дәнді дақылдарды өсіру бойынша қысқа мерзімді маусымдық алаңдар, ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күрес.
10. Басқа да жұмыс түрлері:
- құжаттарды ресімдеуге көмек;
- баспасөзге жазылу және хат-хабарларды жеткізуге көмек көрсету;
- балалардың және жасөспірімдердің жазғы бос уақыттарын, ыстық тамақтарын ұйымдастыру;
- ветеринарлық санитарлық – профилактикалық іс-шараларға қатысу;
- мүгедек және қарт адамдарды күту, үйге келіп көмек беру;
- құқық бұзушылықты және нысандарды күзету, оның ішінде саяжайларды, су арықтарын және т.б.;
- маусымдық – жылыту жұмыстары;
- үй-жайларды жинау;
- жиылып қалған суларды ағызу, көпірлерді тазалау;
- мүмкіншілігі шектеулі балалардың демалысын ұйымдастыруға көмек;
- балаларды тасымалдау;
- аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсету;
- суреттік-жабдықтау жұмыстары.
Аудан әкімі аппараты басшысының м.а. Е. Бексултанов