РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Казақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағы, 2010 жылғы 13 шілдедегі № 3 "Михайличенково ауылындағы Ленин, Калинин көшелерін қайта атауға келесім беру туралы" Бородулиха аудандық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде, халықтың пікірін ескере отырып, Андреевка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Андреевка ауылдық округі Михайличенково ауылының көшелерінің атауы өзгертілсін:Ленин көшесін – Абай Құнанбайұлы көшесіне.
Калинин көшесін – Достық көшесіне.
2. Шешімнің орындалуын бақылау Андреевка ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Л. А. Тереховаға жүктелсін.3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған куннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Андреевка ауылдық округінің әкімі | Б. Кулаков |