Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2010.07.30 N 25/11-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабын басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 маусымдағы № 6/10-ІV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-108 болып тіркелген, 2009 жылғы 31 шілдедегі № 5 «Ақ бұлақ», 2009 жылғы 31 шілдедегі № 31 «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
5 тармақ жаңа басылымда мазмұндалсын:
«5. Тұрғын үй көмегі күрделі жөндеуге төлем сомасының және (немесе) кондоминиум объектісінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жарнасының айырмашылығы ретінде анықталады, тұтынған коммуналдық қызмет пен телекоммуникация жүйесіне қосылған телефонның абоненттік төлемінің өсуіне байланысты байланыс қызметін тұтынған үшін, норманың шеңберінде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін және осы мақсаттарға отбасының шығын көлемінің рұқсат етілетін шеңберінде анықталады.
Тұрғын үй көмегі отбасының нақты шығындарының тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті және байланыс қызметін тұтынғанда үлестің осы мақсаттарға рұқсат етілетін шеңберінде тағайындалады. Бұл жерде отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шеңберінде есепке алынады.».
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Асанов
Глубокое аудандық
мәслихатының хатшысы А. Брагинец