Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 маусымдағы N 16/10-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 шілдеде № 5-9-108 тіркелді. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі N 25/11-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2010.07.30 N 25/11-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабын басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымша беріліп отырған аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
      2. Глубокое аудандық мәслихаты шешімінің күші осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         С. Соколов

      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы                   А. Брагинец

Глубокое аудандық мәслихатының
2009 жылғы 24 маусымдағы  
№ 16/10-IV шешімімен бекітілген

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін беру Ережесі

1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына сәйкес жасалып және аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің көлемін және беру тәртібін анықтайды.
      2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын аз қамтылған отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады, сондай-ақ, жекешелендірілген тұрғын үй ғимараттарында (пәтерлерінде) тұратын отбасыларына (азаматтарға) немесе мемлекеттік тұрғын үй қоры ғимараттарындағы (пәтерлердегі) жалдаушылардың (кіші жалдаушының) кондоминиум объектілерінің жалпы мүліктеріне күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинауға жарналар көлемімен анықталған сметаға сәйкес көрсетіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Глубокое аудандық мәслихатының 2009.10.21 № 18/10-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      2-1. Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге тұрғын үй көмегі осы тұрғылықты жерде тұрақты тұратын тұлғаларға кондоминиум объектісіне күрделі жөндеу жүргізуге, күтіп ұстауға ай сайынғы және мақсатқа жарнаның көлемімен анықталатын сметаға сәйкес көрсетіледі.
      Ескерту. Шешім 2-1 тармақпен толықтырылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2009.10.21 № 18/10-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйдің иесі және ұстау ақысын төлеуге (жеке тұрғын үйді қамтудан басқа), коммуналдық қызметті тұтынғаны үшін, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемнің өсу үлесінен артқанда беріледі. Тұрғын үй жалдайтын тұлға бір әкімшілік- аумақтық пунктінің аумағында басқа мекенжай бойынша тіркеліне алады.
      4. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) бір рет беріледі.
      5. Тұрғын үй көмегі күрделі жөндеуге төлем сомасының және (немесе) кондоминиум объектісінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жарнасының айырмашылығы ретінде анықталады, тұтынған коммуналдық қызмет пен телекоммуникация жүйесіне қосылған телефонның абоненттік төлемінің өсуіне байланысты байланыс қызметін тұтынған үшін, норманың шеңберінде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін және осы мақсаттарға отбасының шығын көлемінің рұқсат етілетін шеңберінде анықталады.
      Тұрғын үй көмегі отбасының нақты шығындарының тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті және байланыс қызметін тұтынғанда үлестің осы мақсаттарға рұқсат етілетін шеңберінде тағайындалады. Бұл жерде отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шеңберінде есепке алынады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 2010.04.13 № 23/7-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      6. Тұрғын үйді ұстауға төлем шығындары және коммуналдық қызметті тұтыну үлесі отбасы табысының жиынтық табысының 20 % төленеді, коммуналдық қызметті реттейтін есептеу қондырғыларын орнатқаны үшін және көпқабатты үйлерге күрделі жөндеу жүргізген шығындар толық қайтарылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Глубокое аудандық мәслихатының 2009.10.21 № 18/10-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      7. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметінің тұтыну нормативі Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді.
      8. Барлық коммуналдық қызметтерге тарифтер мен тұрғын үй көмегінің есептері үшін олардың өзгерістерін қызмет көрсетуші береді.

2. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      9. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      10. Тұрғын үй көмегі берілмейді:
      1) жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), І-ші, ІІ-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді;
      2) белгісіз себептермен уәкілетті органдардың ұсынған жұмысқа орналастырудан бас тартқан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмыстан, кәсіптік даярлаудан, қайта оқытудан, біліктілікті жетілдіруден, өз еркімен осы жұмыстар мен оқудан кеткен жұмыссыздарға.
      Тұрғын үй көмегі жұмыссыздың жұмысқа орналасқан күнінен бастап қайта жалғастырылады, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орны немесе қоғамдық жұмыс, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілікті жетілдіруге жолдамалар.
      11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      12. Коммуналдық қызметті реттеп, тұтынушылардың шығындарын есепке алатын қондырғының есептік көрсеткішінің негізінде алдыңғы тоқсанның шығыны бойынша нақты шығындар анықталады, егер нақты шығындар коммуналдық қызметті тұтыну нормасынан асқан жағдайда, есеп қызмет көрсетушінің тарифіне сәйкес жүргізіледі.
      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алуға жүгінген айдан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейінгі мерзімде іске асырылады. Жүгінген ай арыз бен қосымша құжаттар берген ай болып есептеледі.
      14. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік шеңберінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу үшін және байланыс қызметі үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір айлық есептік көрсеткішке өзгертіледі (алынып тасталады).
      15. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) орталық жылу беру жүйесіне қосылмаған, суды жылыту және үйді жылыту автономдық жылу құралдарымен іске асырылатын пәтердегі тұратындарға беріледі. Осы жағдайда электр қуатының төлемін шығын нормасына және көмірдің бағасына және электр қуатының шығын нормасына, әлеуметтік нормаларға сәйкес эквивалентті есептеледі.
      16. Тұрғын үй көмегіне үміткер тұлғаларға есептеуде келесі шектеулер қойылады:
      1) арыз беруші заңды некеде тұрып, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, онда ерлі–зайыптылардың екеуінің де табысы есепке алынады және тұрғын үй көмегі өтінушінің мекенжайы бойынша тағайындалады;
      2) арызданушы заңды некеде тұрып, бірақ зайыбының қайда тұратынын білмесе (көрсетпесе) және бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарына жүгінбесе-тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
      3) арызданушымен бірге 18 жасқа дейінгі бала бірге тұрса, оның ата-аналары басқа мекенжайда тұрған жағдайда, арызданушы баланың ата-анасының табысы туралы анықтама беруі қажет.
      17. Арызданушы тұрғын үй көмегін алу үшін тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті органға тұрғылықты жерге келесі құжаттарды беріп жүгінеді: белгіленген үлгіде арыз (Ереженің 1, 2 қосымшалары), жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа–тоқсан сайын, көшірмені– жылына бір рет немесе өзгерістер болған жағдайда); азаматтарды тіркеу кітабы (тоқсан сайын); тұрғын үйге құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет немесе қандай да бір өзгерістер болған жағдайда) жалға алу келісімшарты (жалға алу); отбасының табысы туралы анықтама және басқа да табыстар туралы анықтама (алғы тоқсандағы мерзімге); барлық коммуналдық қызметтерді төлегені туралы түбіртек (алғы тоқсандағы мерзімге); жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыздар үшін берілетін анықтама (тоқсан сайын); жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоқтығы туралы анықтама (тоқсан сайын).
      Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкіне жөндеу жүргізген шығындардың орнын толтыруға үміткер аз қамтылған отбасылары (азаматтар) осы Ереженің бірінші азат жолында қарастырылған құжаттардан басқа, қосымша келесі құжаттарды береді: қызмет көрсетушіден жөндеу жұмыстарын жүргізгені туралы түбіртегілері; мақсатқа жиындардың көлемін анықтайтын пәтер жекеменшіктерінің жалпы жиналыс шешімінен үзінді; күрделі жөндеу жүргізетін ұйым мен кондоминиумның жауапты өкілінің жағы және тұрғын үй жекеменшік иелерінің арасында кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге келісім шарт (көшірме).
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - Глубокое аудандық мәслихатының 2009.10.21 № 18/10-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      18. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады (Ереженің 3 қосымшасы).
      19. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті тұтыну және байланыс қызметінің шығындары талаптану тоқсанның алдындағы тоқсанның түбіртектері бойынша, орташа тоқсанға есептеледі.
      20. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      21. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын маман отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерінің шындық тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талаптанған құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (жалдаушы) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда–сот тәртібінде.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      22. Тұрғын үй көмегінің мөлшері отбасының өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы және байланыс қызметін төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
      П=МСПЖ-(t,x,д);
      П-тұрғын үй көмегінің мөлшері;
      МСПЖ-тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем;
      t-тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=20%);
      д-отбасының жиынтық табыстары.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - Глубокое аудандық мәслихатының 2009.10.21 № 18/10-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасыларының
жиынтық табысын есептеу

      23. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табыстарын уәкілетті орган есептейді
      24. Жиынтық табысты есептегенде мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      3) тұрғын үй көмегі;
      4) жерлеу үшін біржолғы жәрдемақы;
      5) баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      6) есептік мерзімде жалпы сомасы өмір сүру деңгейінің белгіленген шеңберінен төмен көлемде ақшалай және заттай (бағалау дәрежесінде) қайырымдылық көмек;
      7) жеке іс ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылық дамытуға материалдық көмек;
      8) төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулығы мен мүлкіне залал келтіргені үшін отбасына оны толтыруға берген көмек;
      9) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын тұлғаға алимент төлегенде;
      10) қамқоршының табысы (қарамағындағы) (қамқордағы балаларға жәрдемақы тағайындалғанда);
      11) тегін немесе жеңілдетілген бағамен протездеуде азаматтардың жүрген жолын төлеу;
      12) протездеу кезінде азаматтарды қамту;
      13) азаматтардың елді мекеннің сыртына емделуге баруға тегін немесе жеңілдетілген жолдың бағасы;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай көрсетілетін көмектің түріне:
      дәрілік заттар;
      санаторий-курорттық емдер;
      протездік ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      қозғалыс құралдары (кресло-коляска) және мүгедектерге бөлінген басқа да оңалту құралдары;
      білім беру туралы заңнамаларға сәйкес білім беру ұйымдарының тегін тамағы мен көрсеткен көмектері;
      15) жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бөлінетін материалдық көмек;
      16) тұрғындардың көш-қон мәселелері бойынша заңнамалық актілерде қарастырылған қаражаттар;
      17) оралмандардың тұрғылықты жерге келуіне және жүктерді тасуға шығындарын толтыру (соның ішінде малдар), көшіп келген орыннан үй сатып алу мен біржолғы жәрдемақы төлемі.
      Жиынтық табысты есептеу талаптанушының алынған табыстар туралы берген мәліметтерінің негізінде жасалады.
      Өз-өзін жұмысқа орналастырған тұрғындардың табыстары жазбаша арызбен расталады.
      25. Үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басы екі және одан көп бас болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      26. Ереженің 4 қосымшасына сәйкес жиынтық табысты есептеген кезде тамақ өнімі үшін жас үй малының, құстардың өнімдері есепке алынбайды. Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
      27. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысында отбасы мүшесінің табысы мынадай жағдайда есептелмейді:
      1) жұмыс істемейді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелген (анықтама берген жағдайда);
      2) бас бостандығынан айыру жерлерде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама берген жағдайда);
      3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында немесе есепте болған (анықтама берген жағдайда);
      4) Қазақстан Республикасының тиісті келісімі жоқ елдерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда).
      28. Балаларға алимент басқа да асыраудағыларға мәлімделген табыс ретінде беріледі.
      29. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген, отбасының құрамына кіреді деп тұрақты тұрғылықты жері бойынша құжаттандыру және Қазақстан Республикасының тұрғындарын тіркеу ережесіне сәйкес тіркелген тұлғалар есептеледі. Жиынтық табыс осы мекенжай бойынша тіркелген барлық отбасы мүшелері мен басқа басқа тұлғалардың табыстарын қосу арқылы тоқсандағы, алдындағы тоқсандағы жүгінімдері бойынша есептеледі.
      30. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
      31. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
      32. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте жауап береді.

5. Өздері жылытатын жекеменшік үй құрылыстарында тұратын
аз камтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру
тәртібі

      33. Өздері жылытатын жекеменшік үй құрылыстарында тұратын аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегі үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдауға келісімшарт болғанда беріледі.
      34. Өздері жылытатын, жекеменшік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығыны жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
      35. Көмірдің құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика және ақпарат басқармасының ұсынуымен орташа баға қолданылады және алдыңғы тоқсанға тұрғын үй көмегін беру үшін тоқсанның соңғы айы есепке алынады (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
      36. Өздері жылытатын жекеменшік үй құрылыстарында қолданылатын басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
      37. Көмірді сатып алудың мезгілдігіне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға аламыз.
      38. Тұрғын үй көмегін есептегенде жекеменшік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
      39. Заң бойынша бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі осы мекенжай бойынша тіркелген үй иесіне тағайындалады, ал егер осы мекенжай бойынша бірнеше жекеменшік иесі (отбасы) тіркелсе, онда бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты пропорционалды түрде бөлінеді.
      40. Электр қуатына, газбен жабдықтауға, сумен жабдықтауға, қатты тұрмыстық қалдықтар шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектердің орташаларын есепке алу керек.

6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі

      41. Тұрғын үй көмегі бюджеттік қаражаттар есебінен ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      42. Тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган Глубокое аудандық «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалына соманы аудару жолымен төлейді.

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
1 қосымша

САУАЛНАМА–ӨТІНІШ 1. ОТБАСЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР

Отбасы иесінің аты-жөні___________________________________________
Мекенжайы_________________________________________________________
Үй телефоны ___________________ Жұмыс телефоны ___________________
Төлқұжат (жеке куәлік) №_________________ берілген _______________
СТН ____________________

2. ТҰРҒЫН ҮЙ ТИПІ, ТҰРҒЫН ҮЙ МЕНШІГІНІҢ НЫСАНЫ

Жекешелендіру келісімшарты № ______________________________________
Жекешелендірілмеген ордер № _______________________________________
Сату-сатып алу келісімшарты № _____________________________________
Сыйға тарту келісімшарты №_________________________________________
Жария ету _________________________________________________________
Жекеменшік_________________________________________________________
Тұрғын үйдің жалпы ауданы _______ Бөлме саны _____ Тіркелген адам ______

3. ОТБАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

№ р/с Аты-жөні Отбасының
иесіне
қатынасы
Туған
жылы
Табыс Ескерту
Көзі Сомасы










































Барлығы ____________________________________________________________

4. ШАҒЫЛҒАН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

№ р/н Коммуналдық
қызметтің атауы
Айлар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Пайдаланылған шығындар













2

Жылу













3

Ыстық су













4

Суық су













5

Қоқыс













6

Кәріз













7

Электр қуаты













8

Телефон














Барлығы













5. ОТБАСЫН ЕСКЕРТУ

      1. Отбасына тұрғын үй жәрдемақысын төлеу мынадай жағдайда
тоқтатылады:
      а) отбасына үстеме немесе заңсыз өтемақы тағайындауда бөлімге қате мәліметтер берілгенде;
      б) жәрдемақыны есептеу үшін берілген ақпараттағы кез келген өзгерістер туындағаны туралы уәкілеттік органдарға уақтылы хабарламағанда;
      в) тұрғын үй ақысын және коммуналдық қызметтердің және байланыс қызметінің ақысын уақтылы төлемеген кезде.
      2. Залал келтірген жағдайда отбасы заңсыз алған сомаларды ерікті түрде қайтарады, егер қайтармаған жағдайда, сот тәртібінде қайтарылады.

Екінші үй (пәтер)жоқ _____________
                      (бар/ жоқ)

Отбасы өкілдерінің қолы Маманның қолы

______________________             _____________________
Мерзімі «___» _____20___ ж         Мерзімі «___» ____20__ ж

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
2 қосымша

Тұрғын үй көмегін беруге
КЕЛІСІМ ШАРТ–АРЫЗ 1. ОТБАСЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР

Отбасы иесінің аты-жөні____________________________________________
Мекенжайы__________________________________________________________
Үй телефоны ___________________ Жұмыс телефоны ____________________
Төлқұжат (жеке куәлік) №_________________ берілген ________________
СТН ____________________

2. ТҰРҒЫН ҮЙ ТИПІ, ТҰРҒЫН ҮЙ МЕНШІГІНІҢ НЫСАНЫ

Жекешелендіру келісімшарты № _____________________________________
Жекешелендірілмеген ордер № ______________________________________
Сату-сатып алу келісімшарты № ____________________________________
Сыйға тарту келісімшарты № _______________________________________
Жария ету ________________________________________________________
Жекеменшік________________________________________________________
Тұрғын үйдің жалпы ауданы ____ Бөлме саны ___ Тіркелген адам _____

3. ОТБАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

№ р/н Аты-жөні Отбасының
иесіне
қатынасы
Туған
мерзімі
Табыс
көзі
Айлар бойынша
табыстар











































Барлығы ______________________________________________________

4. ШАҒЫЛҒАН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

Коммуналдық
қызметтердің
атауы
Айлар Қызмет беруші

Ағымдағы шығындар





Жылу беру





Ыстық су





Суық су





Кәріз





Қоқыс





Газ





Электр қуаты





Басқа шығындар





5. ОТБАСЫН ЕСКЕРТУ

      1. Отбасына тұрғын үй жәрдемақысын төлеу мынадай жағдайда тоқтатылады:
      а) отбасына үстеме немесе заңсыз өтемақы тағайындауда бөлімге қате мәліметтер берілгенде;
      б) жәрдемақыны есептеу үшін берілген ақпараттағы кез келген өзгерістер туындағаны туралы уәкілеттік органдарға уақтылы хабарламағанда;
      в) тұрғын үй ақысын және коммуналдық қызметтердің және байланыс қызметінің ақысын уақтылы төлемеген кезде.
      2. Залал келтірген жағдайда отбасы заңсыз алған сомаларды ерікті түрде қайтарады, егер қайтармаған жағдайда, сот тәртібінде қайтарылады.

Екінші үй (пәтер)жоқ _____________
                     (бар/ жоқ)

Отбасы өкілдерінің қолы Маманның қолы

_______________________        _______________________
Мерзімі «___» ______20___ ж    Мерзімі «___» ____20__ ж

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
3 қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау көлемі туралы
(немесе тағайындаудан бас тарту туралы) ШЕШІМ (үзінді) № ___________

Істің № ______ 20___ жылғы «____»_____________

1. Аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Нұсқауға сәйкес тағайындалсын

ТЕГІ _____________________________________________________________
АТЫ_______________________________________________________________
ӘКЕСІНІҢ АТЫ _____________________________________________________
Туған уақыты __________________ жынысы (ер, әйел) ________________
Мекенжайы (нақты) ________________________________________________
Жеке куәлігі _____________________________________________________
Кім берген _______________________________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі ___________________________________
Отбасы мүшесінің саны ________________________________________адам
Жүгінген мерзімі 20___ жылы «____» _____________________
Төлемге тұрғын үй көмегінің көлемі
«___»____________ жылдан «___»________ жылға дейін сомасында
______________________________________________________________
______________________________________________________________

(санмен және жазумен)

Қызмет көрсететін банктегі жеке есепшоты № ___________________
2. Тұрғын үй көмегін беруден бас тарту________________________
______________________________________________________________

(себебін түсіндіру)

Глубокое ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығы ___________Аты-жөні
Глубокое ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманы ____________Аты-жөні

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
4 қосымша

Азық-түлік үшін пайдаланатын үй жануарлары мен құстардың жасы

Үй жануарларының түрі Азық-түлік үшін пайдаланатын
үй жануарлары мен құстардың
жасы (айы)

Ірі қара мал

25

Қой және қозы

12

Шошқа

10

Жылқы

16

Түйе

18

Құс

5

Глубокое аудандық мәслихатының
2009 жылғы 24 маусымдағы № 16/10-ІV
шешіміне қосымша

Глубокое аудандық мәслихатының
күштерін жойған шешімдерінің тізбесі

      1. Глубокое аудандық мәслихатының «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметіне тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 13/10-ІІІ шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2272 болып тіркелген, 2005 жылы 6 мамырда № 18 аудандық «Огни Прииртышья» газетінде жарияланған.
      2. «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметіне тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 13/10-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 24 мамырдағы № 21/6-ІІІ шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-40 болып тіркелген, 2006 жылы 30 маусымда № 26 аудандық «Огни Прииртышья» газетінде жарияланған.
      3. «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметіне тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 13/10-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 27/8-ІІІ шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-63 болып тіркелген, 2007 жылы 25 мамырда № 21 аудандық «Огни Прииртышья» газетінде жарияланған.
      4. «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметіне тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 13/10-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 3/9-ІV шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-73 болып тіркелген, 2008 жылы 1 ақпанда № 5 аудандық «Огни Прииртышья» газетінде жарияланған.
      5. «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметіне тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 13/10-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 6/6-ІV шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-84 болып тіркелген, 2008 жылы 23 мамырдағы № 21 аудандық «Огни Прииртышья» газетінде жарияланған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады