2011 жылға біржолғы талондардың бағасын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 02 қарашадағы № 26/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 02 желтоқсанда N 5-9-138 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы N 332 хаты)

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое аудандық мәслихатының 2011.12.30 N 332 хаты).

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабын басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Белгіленсін:
      Глубокое ауданы бойынша қызметтері эпизодтық сипаттағы Қазақстан Республикасы азаматтары, оралмандар үшін біржолғы талондардың бағасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес;
      Глубокое ауданының базарларының аумағындағы дүңгіршектердегі, жабық ғимараттардағы (жекеленген блоктардағы) саудадан басқа, тауарлар сату, жұмыстар атқару, қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың бағасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         А. Авдеев

      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы                    А. Брагинец
 

Глубокое аудандық мәслихатының
2010 жылғы 2 қарашадағы   
№ 26/6-IV шешіміне 1 қосымша 

Глубокое ауданы бойынша қызметтері эпизодтық сипаттағы Қазақстан Республикасы азаматтары, оралмандар үшін біржолғы талондардың бағасы
 

№ р/н Кәсіпкерлік қызмет түрі Талонның бір күнгі теңгедегі бағасы

1

Сату ( жабық ғимаратта іске асырылатын қызметтерден басқасы):


1.1

Газеттер мен журналдар

80

1.2

Тұқымдар, сондай-ақ отырғызу материалдары (отырғызу көшеттері, көшеттер)

100

1.3

Бақша дақылдары

240

1.4

Саяжайда және үйдің жанында өсірілген тірі гүлдер

60

1.5

Қосалқы ауыл шаруашылығының өнімдері

480

1.6

Бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері

30

1.7

Жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп

35

1.8

Сыпыртқылар, сыпырғылар

40

1.9

Орман жидектері

40

1.10

Бал

125

1.11

Саңырауқұлақтар

100

1.12

Балықтар

480

2

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері

455

3

Үй жануарлары мен құстарды жаю

35


Глубокое аудандық мәслихатының
2010 жылғы 2 қарашадағы   
№ 26/6-IV шешіміне 2 қосымша 

Глубокое ауданының базарларының аумағындағы дүңгіршектердегі, жабық ғимараттардағы (жекеленген блоктардағы) саудадан басқа, тауарлар сату, жұмыстар атқару, қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың бағасы

№ р/н Қызмет түрі Талонның бір күнгі теңгедегі бағасы

1

Сату (базарлардың аумағындағы дүңгіршектердегі, жабық ғимараттардағы (жекеленген блоктардағы) саудадан басқа):


1.1

Азық-түлік

175

1.2

Өнеркәсіп тауарлары

165

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады