"Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 28/11-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 24 қаңтарда N 5-9-143 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 25.02.2015 № 33/2-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін жетілдіру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабын басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-135 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 38 "Ақ бұлақ" және 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 40 "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы шешіммен бекітілген аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
       5 тармақ жаңа басылымда бекітілсін:
      "5. Тұрғын үй көмегінің есебіне кіретін коммуналдық қызмет тұтыну нормалары келесі көлемдерде белгіленеді:
      1) тұрғын үйдің пайдалы ауданының нормалары:
      бір адам үшін – 15 шаршы метр;
      жалғыз басты тұратын адамдарға – 30 шаршы метр;
      бес және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін, 75 шаршы метрден аспауы тиіс;
      2) газды тұтыну нормасы:
      бір адамға - 5,5 килограмм;
      3) электр қуатын тұтыну нормасы:
      бір адамға – 90 кВт;
      4) көмір тұтыну нормасы:
      тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының бір шаршы метріне - 129,8 килограмм, бірақ бір үйге 5000 килограмнан аспауы тиіс.".
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Палагин
      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Брагинец

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады