2011 жылға арналған нысаналы топтарды анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 923 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 30 қаңтарда N 5-9-145 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 04 қаңтардағы N 09-02-10 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Глубокое аудандық әкімдігінің 2012.01.04 N 09-02-10 хаты).

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5- бабы 2 – тармағына, 7- бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31- бабының 2- тармағына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға арналған келесі нысаналы топтар белгіленсін:
      аз қамтылғандар;
      жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      балалар үйлерінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      мүгедектер;
      Қазақстан Республикасының Қарулы Кұштері қатарынан босаған адамдар;
      бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      оралмандар;
      жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру орындарының түлектері;
      жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      елу жастағы және одан үлкен жастағылар;
      есірткіге тәуелділер;
      ВЖА – жұқтырған азаматтар;
      мектеп және кәсіби оқу орындарының түлектері;
      өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, оның ішінде қайта құру және (немесе) жұмыс көлемін қысқартуға байланысты толық емес жұмыс тәртібінде жұмыс істейтіндер;
      еңбек ақысы сақталмайтын еңбек демалысындағылар;
      жалғыз басты тұратын адамдар;
      ұзақ уақыт жұмыс істемегендер ( бір жылдан артық);
      жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан босатылғандар;
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      2. Глубокое аудандық әкімдіктің «2010 жылға арналған нысаналы топтарды белгілеу туралы» 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 395 қаулының (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізімінде 2010 жылғы 3 ақпанда № 5-9-123 болып тіркелген, «Огни Прииртышья» газетінің 2010 жылғы 12 ақпанда № 8 санында жарияланған) күші жойылған деп саналсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н.Пономареваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі                В.Кошелев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады