Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012.02.10 N 698 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Еңбекке орналасуда қиыншылықтарды бастан кешіріп жүрген аудан көлеміндегі тұрғындардың нысаналы топтарына әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын қолдану мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 5-4) тармақшасына және 18-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын шағын бизнес нысандарының тізімі қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес (басшыларының келісімдері бойынша) бекітілсін.
2. «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г. Болғамбаева) нысаналы топтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздарды іріктейтін болсын.
3. Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «2010 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» № 4518 қаулысының (2010 жылдың 22 қаңтарында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-13-67 тіркелген) күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Сәдуовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Бекбосынов
Катонқарағай аудандық әкімдігінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 234 қаулысына қосымша
2011 жылға әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын
кәсіпорындардың
ТІЗІМІ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2011.07.25 № 447 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ р/с |
Атауы |
Басшысының аты, жөні, тегі |
Жіберілетін жұмыссыздардың саны |
1 |
«Исатай» ЖШС |
Е. Кешілбаев |
3 |
2 |
«Мади» ЖШС |
Е. Ибраев |
2 |
3 |
Жеке кәсіпкер А. Абраимов |
А. Абраимов |
1 |
4 |
Жеке кәсіпкер С. Тұрашева |
С. Тұрашева |
1 |
5 |
«Атамекен» шаруа қожалығы |
Т. Бакимбаев |
3 |
6 |
«Сарымсақты» өндірістік кооперативі |
В. Шершнев |
2 |
7 |
«Ақсу+» ЖШС |
А. Джуасов |
4 |
8 |
«Комек» өндірістік кооперативі |
М. Куконев |
2 |
9 |
«Береке» шаруа қожалығы |
Серік Мұқаш |
2 |
Жиыны: |
20 |
Аудан әкімінің аппарат
басшысының міндетін атқарушы А. Нәбиева