"2011 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы" 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 234 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдедегі N 447 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 28 шілдеде N 5-13-92 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы N 698 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012.02.10 N 698 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-4) тармақшасына сәйкес Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 234 қаулысына (2011 жылдың 18 қаңтарында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-13-83 болып тіркелген, 2011 жылдың 08 ақпанында аудандық «Арай-Луч» газетінің № 10(7416) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа мәтінде мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Құрмамбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Катонқарағай ауданы әкімдігінің «Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы «2011 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» № 234 қаулысына өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі № 441 қаулысының күші жойылсын.
 

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Б. Рақышева

Катонқарағай аудандық әкімдігінің
2011 жылғы 25 шілдедегі
қаулысына қосымша

2011 жылға әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын
кәсіпорындардың
ТІЗІМІ

№ р/с

Атауы

Басшысының аты, жөні, тегі

Жіберілетін жұмыссыздардың саны

1

«Исатай» ЖШС

Е. Кешілбаев
(келісімі бойынша)

3

2

«Мади» ЖШС

Е. Ибраев
(келісімі бойынша)

2

3

Жеке кәсіпкер А. Абраимов

А. Абраимов
(келісімі бойынша)

1

4

Жеке кәсіпкер С. Тұрашева

С. Тұрашева
(келісімі бойынша)

1

5

«Атамекен» шаруа қожалығы

Т. Бакимбаев
(келісімі бойынша)

3

6

«Сарымсақты» өндірістік кооперативі

В. Шершнев
(келісімі бойынша)

2

7

«Ақсу+» ЖШС

А. Джуасов
(келісімі бойынша)

4

8

«Комек» өндірістік кооперативі

М. Куконев
(келісімі бойынша)

2

9

«Береке» шаруа қожалығы

Серік Мұқаш
(келісімі бойынша)

2


Жиыны:


20

      Аудан әкімінің аппарат
      басшысының міндетін атқарушы               А. Нәбиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады