2012 жылға жастар іс-тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 10 ақпандағы N 698 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 28 ақпанда N 5-13-116 тіркелді. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 06 маусымдағы N 883 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 06.06.2012 N 883 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5-45-7) тармақшалары18-118-2 баптары, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 58-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысы негізінде Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізімі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Жастар іс-тәжірибесі ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізімі № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Қаржыландыру 2011-2015 жылдарға арналған Катонқарағай ауданының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      4. Ұйым басшыларына жұмыскерлердің жекелеген санаттарына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге18 жасқа толмаған жұмыскерлерге) жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында жасау мүмкіндігін беру сонымен қатар тиісті санаттың еңбек жағдайы ерекшеліктерін есепке алу арқылы және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді нысандарын қолдану ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      7. Катонқарағай аудандық әкімдігінің «2011 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» 2010 жылғы 30 желтоқсандағы (2011 жылдың 18 қаңтарында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-13-83 тіркелген, 2011 жылы 8 ақпанда аудандық «Арай-Луч» газетінің № 10 (7416) санында жарияланған) № 234, 2011 жылғы 25 шілдедегі «2011 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»» № 447 (2011 жылдың 28 шілдесінде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-13-92 тіркелген, 2011 жылы 3 тамызында аудандық «Арай-Луч» газетінің № 53 (7459) санында жарияланған) қаулыларының күші жойылсын.
 

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           Б. Рақышева

Катонқарағай ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 10 ақпандағы № 698
қаулысына № 1 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын
жұмыс берушілердің
ТІЗІМІ

№ р/с

Жұмыс берушілер тізімі

Ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны

Мамандығы

Бір адамға төленетін айлық еңбек ақы мөлшері (теңге)

Жұмыс мерзімі(ай)

Мемлекеттік бюджет есебінен төленетін айлық еңбек ақы мөлшері (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

1

«Атамекен» ШҚ (Бакимбаев Т. келісім бойынша)

3

Жұмысшы

34878

6

17439

2

«Исатай» ЖШС (Кешильбаев Е. келісім бойынша)

3

Құрылысшы

34878

6

17439

3

«Сарымсақты» ӨК (Шершнев В. келісім бойынша)

2

Жұмысшы

34878

6

17439

4

Құсайын Н. ЖК (келісім бойынша)

1

Тігінші

34878

6

17439

5

Атабаев Е.А. ЖК (келісім бойынша)

1

Аспаз

34878

6

17439

      Аудан әкімі аппаратының басшысы            Д. Алдажаров

Катонқарағай ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 10 ақпандағы № 698
қаулысына № 2 қосымша

Жастар іс-тәжірибесі ұйымдастырылатын
жұмыс берушілердің
ТІЗІМІ

№ р/с

Кәсіпорынның атауы

Мамандығы

Ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны

Айлық жалақысының көлемі (мың теңге)

Жастар іс-тәжірибесін өту мерзімі (ай)

1

2

3

4

5

6

1

«Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі

Заңгер

1

26000

6

2

«Казақстан халық банкі» АҚ-ның Катонқарағай аудандық басқармасы

Қаржыгер, экономист

1

26000

6

3

«Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі

Гендерлік саясат жөнінде кеңес беруші маман; Жастармен жұмыс жүргізуші маман

2

26000

6

4

«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Катонқарағай аудандық әділет басқармасы» ММ-сі (келісім бойынша)

Мұрағатшы

2

26000

6

5

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот актілерін орындау комитеті Шығыс Қазақстан облысының сот актілерін орындау департаментінің Үлкен Нарын аумақтық бөлімі» ММ-сі (келісім бойынша)

Іс-жүргізуші (мұрағатшы)

1

26000

6

6

«Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотында сот істерін жүргізу департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот аппараты) Шығыс Қазақстан облысының сот кеңсесі» ММ-сі (келісім бойынша)

Іс-жүргізуші (мұрағатшы)

1

26000

6

7

«Катонқарағай ауданының мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ-сі

Лаборант; тұрғындармен және қоғаммен жұмыс жасайтын маман

1

26000

6

8

«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ-сі (келісім бойынша)

Бағдарламашы (ЭЕМ операторы)

1

26000

6

9

«Исатай» ЖШС (келісім бойынша)

Есепші

1

26000

6

10

«Катонқарағай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі

Жерге орналастырушы маман (немесе бағдарламашы)

1

26000

6

11

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот актілерін орындау комитеті Шығыс Қазақстан облысының сот актілерін орындау департаментінің Катонқарағай аумақтық бөлімі» ММ-сі (келісім бойынша)

Заңгер (немесе экономист)

1

26000

6

12

«Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі

Әлеуметтік төлемдер бойынша маман

1

26000

6

      Аудан әкімі аппаратының басшысы            Д. Алдажаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады