Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және ерекше табиғи кешендерді сақтау, қалпына келтіру және олардың тізімін толықтыру арқылы одан әрі дамыту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режиміне теріс әсер ететін шаруашылық қызметтер мен тиісті аумақтарды белгілеу туралы" 2010 жылғы 25 ақпандағы № 31 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3039 тіркелген және 2010 жылғы 6 сәуірдегі облыстық "Орал өңірі" газетінің № 37 санында жарияланған) төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
облыстағы белгіленген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң, экологиялық дәлiздердiң жай-күйiне, сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режимiне терiс әсер ететiн шектелген қызмет түрлерімен белгіленген тиісті аумақтар кестесі сәйкесінше осы қаулының қосымшасына сәйкес "6, 7, 8, 9, 10" жолдармен толықтырылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов
2010 жылғы 9 тамыздағы № 179
облыс әкімдігінің қаулысына
ҚОСЫМША
Облыстағы белгіленген ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар мен осы аумақтардың экологиялық
жүйелерiнiң, экологиялық дәлiздердiң жай-күйiне,
сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режимiне
терiс әсер ететiн шектелген қызмет түрлеріне
енгізілген толықтырулар
№ |
Белгіленген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар |
Орналасқан жері |
Шектеулі қызмет түрлері |
6. |
Жергілікті маңызы бар "Селекционный" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік ботаникалық қаумал |
БҚО, Орал қаласының резерв аумағы, ауданы 36,3 га |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: |
7. |
Жергілікті маңызы бар "Орда" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін ландшафтты табиғат ескерткіші |
БҚО Бөкей ордасы ауданының аумағы, ауданы 16405,0 га |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: |
8. |
Республикалық маңызы бар "Кирсанов" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік табиғи кешендік қаумал |
БҚО Зеленов, Теректі және Бөрлі ауданда- |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: |
9. |
Республикалық маңызы бар "Бударин" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумал |
БҚО Зеленов, Теректі және Ақжайық ауданда- |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: |
10. |
Республикалық маңызы бар "Жалтыркөл" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумал |
БҚО Жаңақала ауданының аумағы, ауданы 19000 га |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: |
Аббревиатураның толық жазылуы:
БҚО – Батыс Қазақстан облысы;
га – гектар.