Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, ерекше табиғи кешендерді сақтау, қалпына келтіру және одан әрі дамыту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймақтары шегiнде осы аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң, экологиялық дәлiздердiң жай-күйiне, сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режимiне терiс әсер ететiн қызмет түрлерін шектей отырып, тиісті аймақтар белгіленсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов
2010 жылғы 25 ақпандағы № 31
облыс әкімдігінің қаулысына
ҚОСЫМША
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2010.08.09 № 179, 2012.04.16 № 65 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
Облыстағы белгіленген ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар мен осы аумақтардың экологиялық
жүйелерiнiң, экологиялық дәлiздердiң жай-күйiне,
сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режимiне
терiс әсер ететiн шектелген қызмет түрлері
№ |
Белгіленген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар |
Орналасқан жері |
Шектеулі қызмет түрлері |
1. |
Жергілікті маңызы бар "Садовское көлі" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін ландшафтты табиғат ескерткіші |
БҚО Зеленов ауданының аумағы, ауданы |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: тас, қиыршық тас, құм және басқа да пайдалы қазбалар өндiру, жер қазу жұмыстарын жүргiзу, табиғи гидрологиялық режимдi өзгертетiн әрекеттер, мемлекеттiк табиғи қаумалдың табиғи құрама бөлiктерiн бүлдiру немесе қиратуға байланысты iзденiстер мен ғылыми зерттеулер |
2. |
Жергілікті маңызы бар "Большая Ичка" тауы шаруашылық қызметінің режимі реттелетін ландшафтты табиғат ескерткіші |
БҚО Тасқала ауданының аумағы, ауданы |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: тас, қиыршық тас, құм және басқа да пайдалы қазбалар өндiру, үңгiрлердi бүлдiру, жер қазу жұмыстарын жүргiзу, табиғи гидрологиялық режимдi өзгертетiн әрекеттер, мемлекеттiк табиғи қаумалдың табиғи құрама бөлiктерiн бүлдiру немесе қиратуға байланысты iзденiстер мен ғылыми зерттеулер |
3. |
Жергілікті маңызы бар "Ақ-Құм" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік ландшафтты қаумал |
БҚО Шыңғырлау және Қаратөбе ауданда- |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: |
4. |
Жергілікті маңызы бар "Миргородский" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік ботаника- |
БҚО Шыңғырлау және Бөрлі ауданда- |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: |
5. |
Жергілікті маңызы бар "Дуброва" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік ботаникалық қаумал |
БҚО Теректі ауданының аумағы, ауданы |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: мал жаю, шөп шабу, ағаш кесудiң барлық түрлерi, гүлдер теру, өсiмдiктердiң тамырларын, түйнектерiн және жуашығын қазып алу, от жағу, көлiк құралдарының бар жолдардан тыс жерлермен келiп кiруi және жүруi, өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн жерсiндiру, сол сияқты өсiмдiктердiң бүлiнуiн және жойылуын туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттер |
6. |
Жергілікті маңызы бар "Селекционный" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік ботаникалық қаумал |
БҚО, Орал қаласының резерв аумағы, ауданы |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: |
7. |
Жергілікті маңызы бар "Орда" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік ботаникалық табиғи қаумалы |
БҚО Бөкей ордасы ауданының аумағы, ауданы 16405,0 га |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретiн немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: мал жаю, шөп шабу, ағаш кесудiң барлық түрлерi, гүлдер теру, өсiмдiктердiң тамырларын, түйнектерiн және жуашығын қазып алу, от жағу, көлiк құралдарының бар жолдардан тыс жерлермен келiп кiруi және жүруi, өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн жерсiндiру, сол сияқты өсiмдiктердiң бүлiнуiн және жойылуын туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттер |
8. |
Республикалық маңызы бар "Кирсанов" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік табиғи кешендік қаумал |
БҚО Зеленов, Теректі және Бөрлі ауданда- |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: |
9. |
Республикалық маңызы бар "Бударин" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумал |
БҚО Зеленов, Теректі және Ақжайық ауданда- |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: |
10. |
Республикалық маңызы бар "Жалтыркөл" шаруашылық қызметінің режимі реттелетін мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумал |
БҚО Жаңақала ауданының аумағы, ауданы 19000 га |
Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтауға қатер төндiретін немесе оларды молықтыруды нашарлататын қызметтер, оның iшiнде: |
Аббревиатураның толық жазылуы:
БҚО – Батыс Қазақстан облысы;
га – гектар.