Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2011.03.17 № 556 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 23-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын іске асыру мақсатында Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген азаматтар "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шакыруын ұйымдастырылып және қамтамасыз етілсін.
2. Қалалық шақыру комиссиясының 1-қосымшаға сәйкес құрамы құрылсын. Қалалық шақыру комиссиясының құрамында қалалық медициналық комиссия құрылсын.
3. Шақыру учаскесі Орал қаласы, Евразия даңғылы, 100 мекенжайында орналасқан Орал қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ғимаратының 2-ші қабатында ұйымдастырылсын.
4. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі (2-қосымша) мен шақыру кезінде әскерге шақырылушыларды стационарлық және амбулаториялық тексеру үшін орындар бөлетін емдеу мекемелерінің тізімі (3-қосымша) бекітілсін.
5. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен әскерге шақыру пункттерін дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина мүлкiмен, құрал жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Шақыруға қатысатын қаладағы медицина мекемелерінің басшылары әскерге шақырылушыларды сапалы медициналық тексеруден өткізу үшін 1-қосымшаға сәйкес дәрігер мамандар мен орта буындағы медицина қызметкерлерін бөлуді қамтамасыз етсін.
7. Орал қаласының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
8. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Орал қаласының Ішкі Істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
9. Аталған іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылсын.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 15 сәуірден туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовқа жүктелсін.
Қала әкімі С. Оразов
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығының м.а.
_____________Мифтахов Виталий Сабирович
05.08.2010 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Ирменов Қамидолла Мұтиғоллаұлы
05.08.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
Ішкі Істер Департаменті
Орал қаласының Ішкі Істер
Басқармасы мемлекеттік
мекемесінің бастығы
полиция полковнигі
_____________Айтқалиев Шадияр Қамиярұлы
05.08.2010 ж.
Орал қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 тамыздағы
№ 1785 қаулысына 1–қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының
құрамы
Тоқпаев Марат Бахытжанұлы - "Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі
басқармасы" мемлекеттік
мекемесі бастығы, шақыру
комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
Нығметов Талғат Рақымұлы - Орал қаласы әкімінің
орынбасары, комиссия
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Амангелдіұлы Нұрсұлтан - Орал қаласының Ішкі Істер
Басқармасы бөлім бастығының
орынбасары (келісім
бойынша)
Дәулетқалиев Жангелді - № 1 қалалық емхананың
Хамзаұлы дәрігер-невропатологы,
медициналық комиссия
төрағасы (келісім бойынша)
Құнарова Жібек - № 4 қалалық емхананың
Қабдырахымқызы медбикесі, комиссия хатшысы
(келісім бойынша)
Қалалық шақыру комиссиясының
(резервтік) құрамы
Мифтахов Виталий Сабырұлы - Орал қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі басқарма
бастығының орынбасары –
аумақтық қорғаныс және
жұмылдыру дайындығының
бөлім бастығы шақыру
комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
Қуанов Рауан Есболатұлы - Орал қаласы әкімі
аппаратының ұйымдастыру
– бақылау, кадр жұмысы
және мемлекеттік қызмет
көрсету мониторинг
бөлімінің менгерушісі,
шақыру комиссиясы
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Кусаинов Альбек Жакимұлы - Орал қалалық ішкі істер
басқарма бастығының
орынбасары полиция
подполковнигі (келісім
бойынша)
Сарбасов Есбол Аронұлы - дәрігер-отолоринголог,
қалалық медициналық
комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Жалмурзиева Айжан - медбике (шарт бойынша)
комиссия хатшысы
Қалалық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесіне сәйкес (жергілікті уақыт бойынша) сағ.8.00-ден 16.00-ге дейін белгіленсін.
Қалалық медициналық комиссияның
құрамы
Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер
Дәрігер-мамандар:
1. Хирург
2. Көз дәрігері
3. Нарколог
4. Невропаталог
5. Тері венеролог-Дерматолог
6. Рентгенолог
7. Тіс дәрігері
8. Отоларинголог
9. Терапевт
10. Психиатр
11. Фтизиатр
Орта буын медицина қызметкерлері:
1. Көз дәрігерінің медбикесі
2. Терапевт дәрігерінің медбикесі
3. Отоларинголог дәрігерінің медбикесі
4. Рентгенолог дәрігерінің медбикесі
5. Психиатр дәрігерінің медбикесі
6. Нарколог дәрігерінің медбикесі
7. Тіс дәрігерінің медбикесі
8. Невропатолог дәрігерінің медбикесі
9. Хирург дәрігерінің медбикесі
10. Фтизиатрдың медбикесі
11. Медбикесі
12. Медбикесі
Орал қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 тамыздағы
№ 1785 қаулысымен бекітілген
2–қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
кестесі
Комиссияның жұмыс күндері, |
||||||
"Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Қазан |
Қараша |
Жел- |
15, 16, 19, 20, 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30 |
3, 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 24, 25, 26, 27, 28, 31 |
1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30 |
1, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29 |
1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 23, 24, 25, 26, 29, 30 |
1, 2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 20, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29, 30, 31 |
Орал қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 тамыздағы
№ 1785 қаулысына 3–қосымша
Шақыру кезінде әскерге шақырылушыларды
стационарлық және амбулаториялық
тексеру үшін орындар бөлетін емдеу
мекемелерінің тізімі
1. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 1 қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№ 2 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
3. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№ 3 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№ 4 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
5. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық тері-венерологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
6. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесі.
7. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық наркологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
8. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" мемлекеттік мекемесі.
9. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.