Бөрлі ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 шілдедегі N 578 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 3 қыркүйекте N 7-3-101 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы N 376 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Бөрлі ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. "Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Аудан әкімдігінің "Халықтын нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы" 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 257 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-3-79, 2009 жылдың 26 маусымда N 49 Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сидыққа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Б. Шакимов

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 25 шілдедегі
N 578 қаулысына қосымша

Бөрлі ауданы нысаналы топтарға
жататын адамдардың қосымша
тізбесі

      1. Аз қамтылғандар;
      2. Елу жастан асқандар;
      3. Ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (1 жылдан аса);
      4. Жиырма төрт жасқа дейінгі алған мамандығы бойынша тәжірибесі мен еңбек өтілі жоқ жоғары, орта, бастауыш кәсіптік оқу орындарының түлектері;
      5. Жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби білім алған жұмыссыздар;
      6. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары, жоғары, орта, бастауыш кәсіптік оқу орындарының студенттері (жазғы демалыс уақытында).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады