Халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 257 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 29 мамырда N 7-3-79 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 шілдедегі N 578 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2010.07.29 N 578 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың нысаналы топтарының тізбесі анықталсын.

      2. "Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В. Савченкоға жүктелсін.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Г. Урынгалиев

  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 23 сәуірдегі
N 257 қаулысымен
бекітілген

Халықтың нысаналы топтарының
тізбесі

      1. Табысы аз адамдар.

      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.

      3. Балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.

      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата-аналар.

      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.

      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар жасына байланысты (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).

      7. Мүгедектер.

      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.

      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.

      10. Оралмандар.

      11. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).

      12. Елу жастан асқан адамдар.

      13. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері.

      14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.

      15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.

      16. Жалпы білім беру мектептерінде, кәсіптік бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезінде).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады