Бөрлі ауданы бойынша 2011 жылға арналған салық ставкаларын және біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 24-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 қаңтарда N 7-3-107 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 33-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 27.12.2011 № 33-5

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жер салығының ставкалары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың қызмет түрлерінің біржолғы талондардың құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      4. Тіркелген салықтың ставкалары 4-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады.

      Сессия төрағасы,
      сессия хатшысы                   И. Измагамбетов

Бөрлі аудандық мәслихатының
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
N 24-2 шешіміне 1-қосымша

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2011.07.12 N 28-6 Шешімімен.

Жер салығының ставкалары

      1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабы негізінде, елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары бір гектарға шаққанда, бонитет балына барабар Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 383-бабымен белгіленген базалық салық ставкасынан 50%-ға жоғарылатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабы негізінде, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары (теңге) Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 381-бабында белгіленген базалық салық ставкасынан 30%-ға жоғарылатылсын.
      3. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабы негізінде, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген жерлерге Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 381 бабында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын базалық салық ставкалары он есе ұлғайтылсын, 43,40 теңгені құрайды.

Бөрлі аудандық мәслихатының
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
N 24-2 шешіміне 2-қосымша

Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын
Қазақстан Республикасының азаматтары
мен оралмандардың қызмет түрлерінің
біржолғы талондардың құны


Қызмет түрлері (барлық базарларда)

Бір күндік төлемақы (теңгемен есептегенде)

1

Бір сауда орнынан сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда):



1) Газеттер мен журналдар

130


2) Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдары

130


3) Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер

130


4) Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері

130


5) Жануарлар мен құстардың жемдері, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегі, бал, саңырауқұлақ және балық

130

2

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызмет

130

3

Үй жануарлары мен құстарын бағу

130

Бөрлі аудандық мәслихатының
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
N 24-2 шешіміне 3-қосымша
 

Базар аумағындағы дүңгіршектердегі,
стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған
блоктардағы) сауданы қоспағанда,
базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен
заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны


Қызмет түрлері

Бір күндік төлемақы (теңгемен есептегенде)

Орталық киім базары "Бестау"

1. Көлемі 7 шаршы метр бір сауда орнынан:


1) киім, аяқ киім, мата және басқа да материалдар

260

2) ойыншықтар, ыдыстар, перделер, парфюмерия, тюльдер

260

3) мех және былғары өнімдері, тұрмыстық машиналары және приборлар

260

Ақсай ауыл шаруашылық көтерме және бөлшек сауда базары

1. Көлемі 4 шаршы метр бір сауда орнынан:


1) киім, аяқ киім, мата және басқа да материалдар

200

2) ойыншықтар, ыдыстар, перделер, парфюмерия, тюльдер

200

3) шаруашылық тауарлары

200

4) кілемдер және кілем өнімдері

200

5) шаруашылық, құрылыс тауарлары, тұрмыстық химия өнімдері, кеңсе тауарлары

200

6) мех және былғары өнімдері, қымбат металдардан жасалған зергерлік бұйымдар

220

2. Көлемі 4 шаршы метр бір сауда орнынан:


1) азық түлік өнімдері

200

2) балық, шұжық және ет өнімдері

330

3. Көлемі 2 шаршы метр болатын бір сауда орнынан:


1) ет сату

330

4. Азық түлік және басқа тауар өнімдерін контейнерден сату

270

5. Палаткалардағы сауда

270

6. Дайындалмаған сауда орындағы сауда

200

Бөрлі аудандық мәслихатының
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
N 24-2 шешіміне 4-қосымша

Тіркелген салық ставкалары

N

Салық салу объектісі

Салық салу объектісінің бірлігі

Тіркелген салықтық базалық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

Бір ойын автоматы

5

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

Бір ойын автоматы

7

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

Бір компьютер

3

4

Ойын жолы

Бір ойын жолы

12

5

Карт

Карт

9

6

Бильярд үстелі

Бір ойын үстелі

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады