Тасқала аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 23 ақпандағы N 22-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 9 наурызда N 7-11-116 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы N 32-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2011.03.30 N 32-2 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-90 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы "Екпін" газетіне жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тармағындағы:
      1 тармақшадағы "35 000" деген сандар "50 000" деген сандармен өзгертілсін;
      3 тармақшадағы "10 000" деген сандар "15 000" деген сандармен өзгертілсін;
      4 тармақшадағы "10 000" деген сандар "15 000" деген сандармен өзгертілсін;
      5 тармақшадағы "5 000" деген сандар "15 000" деген сандармен өзгертілсін;
      2) 12 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) Амбулаториялық ем қабылдап жүрген сүйемелдеу кезеңіндегі өкпе ауруларына жылына бір реттік материалдық көмек – 15 АЕК көлемінде.";
      3) мынадай мазмұндағы 15 тармақшамен толықтырылсын:
      "15) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай:
      қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің жесірлеріне - 5 000 теңге;
      тыл еңбеккерлеріне - 3 000 теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек."
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Сессия төрағасы                  С. Рахимов
      Аудандық мәслихат хатшысы        Қ. Нұрмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады